Павлодар қаласының білім беру бөлімі қысқы демалыс кезеңінде 2021 жылдың 5 - 8 қаңтарында ZOOM платформасында офлайн және онлайн режимде ерекше білім беруді қажет ететін балалар, инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін ата-аналар, мұғалімдер, қала мектептері директорларының орынбасарлары үшін іс-шаралар өткізеді.
5 - 8 қаңтарда демалыс аптасы аясында қала мектептерінің психикалық дамуы тежелген 5-10 сынып оқушылары үшін математика, физика, химия пәндері мұғалімдері жеке кеңестер өткізеді.
6 қаңтарда қала мектептерінің директор орынбасарлары, бастауыш сынып мұғалімдері және пән мұғалімдері үшін «Білімді қайталау және жалпылауды ұйымдастыру кезінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға сараланған тәсілді ұйымдастыру ерекшеліктері» атты семинар-практикум өтеді.
5 - 8 қаңтарда мектеп логопедтері қала мектептерінің лого пункттеріне қабылданған оқушылардың ата-аналары үшін жеке кеңестер өткізеді.
6 қаңтарда психологтар ата-аналарға арналған онлайн мектеп, 8 қаңтарда бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері үшін «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқу дағдыларын дамытудың нейро-психологиялық негіздемесінің» теориясын, «Психогимнастика ерекше білім беруді қажет ететін балалармен нейро-түзету сабақтарының әдісі ретінде қолданылады», «Ойын қызметі баланың үйлесімді дамуының негізі ретінде» атты тақырыбында практикалық жұмыс өткізеді.
5 - 8 қаңтарда 1 - 4 сынып оқушыларымен психологтардың дербес түзету сабақтары өтеді.
5 - 8 қаңтарда қала мектептерінің логопунктеріне қабылданған оқушылармен логопедтердің дербес түзету сабақтары өтеді.