ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ата-аналарына арналған онлайн мектеп
08-01-2021 09:26
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ата-аналарына арналған онлайн мектеп

   Ерекше білім беруді қажетететін балалармен каникул апталығы аясында Павлодар қаласының әдістемелік кабинеті 6 қаңтарда ZOOM платформасы арқылы «Ерекше білім беруді қажетететін балалардың оқу дағдыларын дамытудың нейро-психологиялық негіздемесі» тақырыбы бойынша ата-аналарға арналған мектептің онлайн сабағы өткізілді. Оған педагог-психологтар және ерекше білім беруді қажетететін оқушылардың 100 ата-анасы қатысты.

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы»№345 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 527 бұйрығын іске асыру мәселелері бойынша мектеп сабағында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова сөз сөйледі. Ол қатысушылардың назарын педагог-психологтардың ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды қоғамда әлеуметтендіруде ата-аналарға психологиялық қолдау мен әдістемелік көмек көрсетуге аударды.

   № 5 ЖОМ педагог-психологы Ольга Бернардовна Дубицкая ата-аналарды «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқу дағдыларын дамытудың нейро-психологиялық негіздемесі»тақырыбымен таныстырды. Тыңдаушылар ерекше білім беруді қажет ететін балалардың бас миының даму ерекшеліктері және олардың оқу проблемаларының себептері туралы толық ақпаратты алды.Баяндама қызықты презентациямен, сол және оң жарты шарлардың даму ерекшеліктеріне түсініктеме берумен және түсіндірумен жалғасты. №39 ЖОМ педагог-психологы Ольга  Владимировна Ишимцева «Ойын әрекеті баланың үйлесімді дамуының негізі ретінде»тақырыбында ата-аналарға арналған практикум өткізді. Ол ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ойын іс-әрекетінің маңыздылығы және ойындардың оқу дағдыларын дамытуға әсері туралы айтты. Семинарға қатысушылар ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ұсақ моторикасын дамыту мен үндестіруге арналған практикалық ойындармен және жаттығулармен танысты, бос уақытты ұйымдастыру және танымдық қызығушылықтарын ойын түрінде қалыптастыру бойынша нақты ұсыныстар алды.

   Семинар қорытындысы бойынша 2021 жылдың наурыз айында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарына арналған мектепте онлайн сабақ өткізу туралы шешім қабылданды. Семинар материалдары осындай ата-аналар дәрістерін өткізу үшін қала мектептеріне жіберілді.