ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Таеквандодан республикалық жарыстың жүлдегері
18-01-2021 09:25
Таеквандодан республикалық жарыстың жүлдегері

Шымкент қаласында өткен таеквандодан республикалық жарыста Павлодар қаласының Б.Момышұлы атындағы ЖОМ 3 сынып оқушысы Қуандықова Кәусар II орын алды. Жарысты Шымкент қаласындағы Таэкван-до жаһандық федерациясы ұйымдастырды. Жарысқа Павлодар, Шымкент, Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан, Семей, Қызылорда, Ақтөбе өңірлерінен 5 - 16 жас аралығындағы 300-ден астам бала қатысты.

Кәусар таеквандодан «Қахарман» клубының тәрбиеленушілері қатарында облыстық команда құрамында өнер көрсетті. Клубта 7 жасынан бастап айналысады, ол сары белбеу иегері, 10 медальға ие, оның ішінде 3 алтын, 3 күміс, 4 қола. 2020 жылы алтын медальді хьенги техникалары бойынша Павлодар қаласында өткен республикалық жарыста жеңіп алды. Күміс медальді - Тұңғыш Президент күніне арналған республикалық онлайн чемпионатта алды.

Ол мектепте би үйірмесіне, әуе гимнастикасына қатысады. Ол жақсы оқиды, гуманитарлық пәндерді ұнатады.