ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық олимпиадағы Абайтану бойынша жетістік
26-01-2021 12:02
Республикалық олимпиадағы Абайтану бойынша жетістік

23 - 24 қаңтарда қашықтық форматта өткен ІІІ республикалық «Абайтану» олимпиадасына еліміздің барлық өңірлерінен және желілік Абай мектептерінен 9 - 11 сыныптың 100-ден астам оқушы қатысты. Олимпиада да облыс намысын 9 оқушы қорғады, оның ішінде Павлодар қаласының № 25, 37, 35 ЖОМ 3 оқушысы, жеңімпаздар мен жүлдегерлер, олимпиадалардың, түрлі деңгейдегі конкурстардың қатысушылары. Олимпиаданың негізгі міндеті - Абай өлеңдерінің, Абайдың қара сөздерінің мәні мен маңызын білу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, тілдің тазалығын сақтау және күнделікті өмірде қолдану.

Олимпиада қорытындысы бойынша облыстың 6 қатысушысы жүлделі орындарға ие болып, диплом, естелік сыйлықтармен марапатталды, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 2 қатысушысы. №35 мектептің 9 сынып оқушысы Ахметова Камила III дәрежелі диплом  және  сымсыз құлақ қаппен, № 25 мектептің 11 сынып оқушысы Амантаева Аружан алғыс хатпен марапатталды.

Олимпиаданың ұйымдастырушысы Алматы қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернаты болып табылады. Олимпиада екі турда өтті - Абайдың қара сөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазу және М. Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінді қай тараудан алынғанын ауызша жауап беру. Романның мазмұнынан «Сократтық» сұрақтарға жауаптарды жалғастыру арқылы логикалық деңгейлер тексерілді. Қатысушылар Абай шығармашылығы бойынша дайындалған тапсырмалар бойынша Абайдың оқуына, поэзияның адам өміріндегі рөліне, ақынның шығармашылығындағы мақсаттарына, Абай поэзияны қалай игергеніне, өз өлеңдерінің құрылуындағы ерекшеліктерді анықтап, олардың қазақ поэзиясына қосқан үлесін дәлелдеді.