ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық гуманитарлық олимпиаданың қатысушылары анықталды
27-01-2021 10:54
Облыстық гуманитарлық олимпиаданың  қатысушылары анықталды

2021 жылғы 20 - 21 қаңтарда    Қазақстан тарихы және қазақ әдебиеті бойынша I қалалық гуманитарлық олимпиадаға Павлодар қаласының 36 жалпы білім беру мектептерінен 8 - 11 сыныптың 97 оқушысы қатысты. Олимпиада Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  ZOOM   платформасында онлайн режимде өткізілді. Мақсаты - оқушылардың оқу мәдениетін, рухани әлеуетін дамыту, Қазақстан тарихына, классикалық әдебиетке деген танымдық қызығушылығын арттыру, мектеп бағдарламасына енбеген шығармаларды оқу.

Олимпиада оқушылардың тарих пен әдебиет бойынша күрделі проблемалық тапсырмаларды шешу қабілеті, нақты материалға сүйене отырып, өз пікірін дәлелдей білудегі жеке жарысы болып табылады. Олимпиада 2 турдан тұрды - I турда оқушылар 50 тест тапсырмаларын орындады: Қазақстан тарихы бойынша 25 сұрақ және  қазақ әдебиеті бойынша 25 сұрақ, орындау уақыты - 60 минут. ІІ турда оқушылар І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша «Қазақ хандығының құрылуы: «Алмасқылыш» романында: тарихи ақиқат, көркем шешім», «Жанталас» романында Абылай хан бейнесі: тарихи тұлға және көркем образ», «Каһарман» романында халықтың тәуелсіздігі үшін күрес: тарихи-танымдық және эстетикалық мәні» тақырыптарының біріне эссе жазды (орындалу уақыты - 90 мин). Қазылар алқасының құрамында қаланың жоғары оқу орындарының оқытушылары жұмыс істеді.

         Олимпиада қорытындысы бойынша 33 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде бірінші орынды № 2, 9, 19, 39 мектептерден 4 оқушы,екінші орынды № 2 (2), 6 (2), 16, 17, 19 (2), 23 (2), 25, 28,35 мектептерден 13 оқушы, үшінші орын - Бекхожин атындағы, № 1, 6, 9, 11(2), 19, 27, 28 (2), 33, 37, 39 (2), 41(2), мектептерден 16 оқушы иеленді.

І орынды І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша эссе үшін № 2 ЖОМ 9 сынып оқушысы Акишпаева Аделя, № 9 ЖОМ 10 сынып оқушысы Гранкина Екатерина, № 19 ЖОМ 11 сынып оқушысы Досаева Аделя, № 39 мектептің 10 сынып оқушысы Жұмақанова Жұлдыз иеленді. «Алмас қылыш» романындағы қазақ хандығының құрылуы: тарихи ақиқат, көркем шешім» атты эссе тарихи фактілердің роман призмасы арқылы өзіндік көрінісімен, баяндаудың өзіндік стилімен, оқиғаларды талдау және бағалау элементтерімен, қарапайым баяндаудың болмауымен ерекшеленеді. Жұлдыз «Қаһар» романындағы халықтың тәуелсіздігі үшін күрес: тарихи-танымдық және эстетикалық мәні» атты эссе жазып, қазіргі заманмен сауатты байланыстырды, жазбаша пайымдау жасай алады, қазақтардың тәуелсіздігі тақырыбы бойынша қазіргі заманғы тарихи зерттеулердің мысалын келтірді. Эсседе айтылған тезистердің дәлелі бар.

       Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. № 2, 9, 19, 39 мектептердің жеңімпаздары 4 ақпанда облыстық олимпиадаға қатысады.