2021 жылғы 12 ақпанда Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығымен бірлесіп ZOOM платформасында «Біздің айналамыздағы экология» атты облыстық онлайн вебинар өткізді. Жобаның мақсаты өскелең ұрпақты ел экологиясы проблемаларына тарту, қоршаған ортаға және табиғатқа немқұрайлы қарамайтын қарым-қатынасты қалыптастыру. Аталған іс-шараға облыстық оқу орындарының 80-нен астам ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Вебинарда өңіріміздің экология мәселелері және оларды оқушылар мен ересектер тұрғысынан шешу жолдары талқыланды. Экология және туризм орталығының «Экология» бөлімінің меңгерушісі Бақыт Қапасқызы Текенова балалар үшін «Экология мәселелері» тақырыбында экология туралы әңгімелеп, орталықтың «Жас эколог» мұражайы бойынша онлайн-экскурсиясын ұйымдастырды және қатысушылармен «Экологиялық терминология» викторинасын өткізді.
Вебинар қорытындысы бойынша қоршаған ортаны қорғау қызметіне белсенді қатысу және осы жобаның одан арғы іс-шараларына белсенді қатысу туралы шешім қабылданды.