Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі «Мен әлемді бейнелеймін» балалар бейнелеу шығармашылығы аясында 4 - 6 жас аралығындағы ең кішкентай суретшілері арасында облыстық байқау өткізді. Байқау «Бақшалар туған жердің сұлулығын жандандырсын» тақырыбында, көкөністер мен жемістердің дүниежүзілік жылына арналды. Мақсаты -балаларды табиғатты сақтауға, адам еңбегін құрметтеуге баулу.
Павлодар қаласының, Тереңкөл, Баянауыл, Ақтоғай, Павлодар, Аққулы, Успенка, Железинка аудандарындағы 50 балабақша мен шағын орталық тәрбиеленушілерінің 244 жұмысы ұсынылды. Өз суреттерінде балалар егін жинау және отырғызу, көкөністер мен жемістерден қысқы дайындықтар әзірлеу, көктемгі ағаштар мен басқа да өсімдіктердің гүлдену көріністерін әдемі бейнеледі. Байқау қорытындысы бойынша 6 жүлделі және 20 көтермелеу орны анықталды.
I орынды Павлодар қаласы № 51 балабақшасының тәрбиеленушісі Яна Быкова, 5 жаста, акварельмен орындаған «Яблоневый сад» суретімен, Алексей Лапин, 4 жаста, Успенка ауданы «Балапан» балабақшасының тәрбиеленушісі сурет салуға арналған қарындаштармен орындаған «Едет с поля урожай» суреті үшін иеленді.
II орын Железинка ауданы Лесной ауылының ЖОМ шағын орталығының тәрбиеленушісі Дамир Дюсеновның, 4 жаста, бедер-дәстүрлі емес техникасында орындалған «Дерево в нашем саду» суреті үшін, Павлодар қаласы № 96 балабақшаның тәрбиеленушісі Саида Тортаева, 5 жаста, гуашьпен орындалған «Подсолнухи» суреті үшін берілді.
ІІІ орынды Тереңкөл ауданы Песчаное ауылындағы «Балдырған» сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Алишер Увалиев, 4 жаста, гуашьпен орындалған «Наш любимый сад» суретімен, Айсана Жаналиденова, 4 жаста, Железинка ауданы Железинка ауылындағы «Светлячок» балабақшасының тәрбиеленушісі түрлі-түсті қарындаштармен орындаған «Яблоневый сад» суретімен жеңіп алды.