ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Сардар» кешенді олимпиадасы қалалық кезеңінің қорытындысы
17-03-2021 14:47
«Сардар» кешенді олимпиадасы қалалық кезеңінің қорытындысы

       2021 жылғы 16 наурызда 11 сынып оқушылары арасындағы «Сардар» VII Республикалық кешенді олимпиадасының қалалық кезеңіне Павлодар қаласының 19 жалпы білім беретін мектептерінен 20 оқушы қатысты. Олимпиаданың мақсаты - қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, дарынды балаларды қолдау.

        Олимпиада екі турдан тұрды - Google-форма платформасында Қазақстан тарихы, математика, физика, алғашқы әскери дайындық сұрақтары  бойынша тестілеу, ZOOM және спорттық  жаттығуларды орындау бойынша көп уақыт аралығында майысқан шынтақпен  планкаға тұру, минутына ең көп рет еденнен көтерілу, минутына ең көп рет денені бастапқы қалыптан көтеру.

        Олимпиада қорытындысы бойынша 7 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орынды - 1 қатысушы, II орынды - 3, III орынды - 3 оқушы иеленді. Олар Павлодар қаласының білім беру бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

    Олимпиада жеңімпазы № 17 ЖОМ оқушысы Алмаз Қыдырқанов,ол олимпиаданың  облыстық кезеңіне қатысады. Алмаз бокстан қала және облыс чемпионы, бокстан 1-ші жасөспірімдер разрядына ие, халықаралық турнир мен республикалық чемпионатқа қатысушы.

         ІІ орынды № 37 ЖОМ оқушысы Қыдырханов Толағай, № 9 мектеп-гимназиясының оқушысы Дауылбай Әлнұр, № 43 ЖОМ оқушысы Тасамбаев Тамерлан иеленді. ІІІ орынды № 20 мектеп-лицейінің оқушысы Қайыр Бейімбет, № 41 ЖОМ оқушысы Верещагин Роман, № 19 ЖОМ оқушысы Сұлтан Бейбарыс иеленді.