ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқу-тәрбие үдерісін жетілдірудің өзекті мәселелері, тәжірибесі мен келешегі
30-03-2021 14:33
Оқу-тәрбие үдерісін жетілдірудің өзекті мәселелері, тәжірибесі мен келешегі

Әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 29 наурызында «№ 11 ЖОМ оқу-тәрбие үдерісін жетілдірудің өзекті мәселелері, тәжірибесі мен келешегі» тақырыбында директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы өзекті мәселелер бойынша сағаты өтті. Семинарға қаланың жалпы білім беретін мектептері директорларының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі 57 орынбасарлары қатысты.

Мектептің әдістемелік қызметі нәтижелі оқытуды, мұғалімдердің біліктілігін арттыру мен кәсіби өсуін қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Мектеп басшысының орынбасарлары А. С. Байжуманова, С. Б. Костюкова әдістемелік жұмыс үшін нормативтік-құқықтық базаны қамтамасыз етудің маңыздылығы, білім беру мен тәрбие процестеріне әдістемелік қолдауды ұйымдастыру және оқу процесін басқарудың тиімділігі туралы айтты.

Педагогикалық ұжыммен жұмыс жасауда әдістемелік жұмыс стратегиясын анықтайтын, жұмыстың мазмұнын белгілейтін, белгілі бір мәселелермен қатар мектептің жалпы мәселелерін шешуге көмектесетін педагогикалық құрамы диагностикасының нәтижелеріне маңызды орын беріледі.

Осы бағыттағы іс-тәжірибе мен қызметті талдау нәтижесінде мектептің әдістемелік жұмысының құрылымы ұсынылды. Кадрлармен жұмыс педагогикалық ұжымның кәсіби шеберлігін арттыру, оқу процесін технологияландыру бойынша жеке жоспарлар арқылы жүзеге асырылады.

Бұл жұмыстың нәтижесінде мектеп мұғалімдерінің жоғары белсенділігі, олардың кәсіби сайыстарға, зерттеу жұмыстарына қатысуы, өзінің педагогикалық шеберлігі мен біліктілігін үнемі көтеріп отыруға деген ұмтылысы дәлелдейді. Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысы мектептің даму перспективасына, мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен оқушының интеллектуалды өсуіне және инновациялық іс-әрекеттің жетілуіне қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Семинарда мектеп мұғалімдері оқушыларды қорытынды аттестаттауға, Халықаралық PISA зерттеуіне дайындау, инклюзивті кеңістік құру үшін жағдайлар мен принциптерді құру, ақпараттық технологиялар мен интернет платформаларды тиімді пайдалану бойынша тәжірибелерімен таныстырды. Мектептің психологы «Мұғалімдердің эмоционалдық қалжырауын болдырмаудың мүмкін шаралары» атты тренинг өткізді.

Мектеп әкімшілігі мен педагогтарының тәжірибесі әріптестерінің қызығушылығын тудырды. Семинардың барлық материалдары мен ұсыныстары мектептерге жіберіледі.