ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың оқу сауаттылығын дамыту
31-03-2021 09:29
Балалардың оқу сауаттылығын дамыту

2021 жылғы 29 наурызда «Балаларды оқуға тарту» қалалық онлайн семинарға Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 30-дан астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Қайырғазина Шолпан Шаханқызы өз сөзінде білім алушылардың білімін толықтыру және олқылықтарды жою үдерісін әдістемелік сүйемелдеу бойынша жүйелі жұмысқа ерекше назар аударды. № 25 мектептің бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті, оқушыларды кітап оқуға тарту жұмысында қандай инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолданатынын көрсетті.

Конкышева Әсел Сағындыкқызы, педагог-зерттеуші, «Павлодар облысының білім беруіне қосқан үлесі үшін» облыс әкімінің арнайы стипендиясының және белгісінің иегері «Оқитын отбасыы, «Кітапты тап», «Кітап әлемді бағындырады», «Тәтті викторина», «Fantazi card», «REDx» «Квест ойын», «Bookcrossing» ойын түрлері мен әдістерін пайдалана отырып, балаларды оқуға тарту бойынша практикалық жұмысты таныстырды. № 2 қалалық балалар кітапханасымен ынтымақтастық балаларды ерте оқу сауаттылығына тартуға, классикалық әдебиетпен танысуға, іс-шараларға қатысуға, өз кітапханасын құруға ықпал етеді.

Педагог-модератор Гүлбану Көшербайқызы Ташкенбаева «Оқу жылдамдығын арттырудың тиімді жолдары» атты жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ең тиімді әдістер - «Саусақтарды жаттықтыру», «Екі қолмен жазу», «Лабиринт», «Алфавит», «1-ден 90-ға дейінгі сандарды табыңыз», «Төңкерілген мәтін», «Шульте кестесі». Бастауыш сынып оқушыларында оқу, жылдамдық, мазмұнды қабылдау және түсіну дағдыларын дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін күнделікті жаттығулар қажет.

Педагог-модератор Слан Аяулым Еркінбекқызы «Бастауыш мектептегі мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ауызекі тілін дамыту» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Педагог ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын дамыту, функционалдық сауаттылықты арттыру кіші сыныптарда сараланған оқыту нысандарын, сыни ойлау элементтерін пайдалану кезінде басталатынын атап өтті.

Семинар материалдары мен оқу құралдары қалалық мектептерге жіберілді.