Күн жылынып, жаз жақындаған кезде кішкентай балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлап кету оқиғалары арта түседі.
Балалардың терезелерден құлау себебі олардың абайсыздығы және ересектердің жауапсыздығы.
Өкінішке орай, ағымдағы жылы балалардың терезеден құлап кету фактілері орын алды.
Әдетте, барлық жағдайларда балалар өздігінен терезенің алдына мініп, москит торына сүйеніп, ересектердің қарауынсыз терезеден құлап кетеді.
Жыл сайын отбасындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу мақсатында білім беру бөлімі «Қауіпсіз терезе» акциясын өткізіп отырады.
Осы акция шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдардың web - парақшаларында ақпараттық буклеттер орналастырылған, тәрбиеленушілермен үйде қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыбында тақырыптық әңгімелер жүргізіледі, мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен ата-аналар үшін тікелей эфирлер өткізіледі.
#Терезені жап, баланы құтқар! челленджі бастау алды.
Есте сақтаңыз: Терезедегі москит торы баланы құлаудан құтқармайтынын ұмытпаңыз!
Балалардың өмірін бірге сақтайық!