ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Павлодарлық оқушы Махамбеттің 60 шығармасын жатқа біледі
20-05-2021 11:06
Павлодарлық оқушы Махамбеттің 60 шығармасын жатқа біледі

2021 жылғы 19  мамырда   қашықтан  қалалық  Махамбет оқуларына Павлодар қаласының 15 жалпы білім беретін мектептерінің 5 - 11 сыныптарынан 29 оқушы қатысты. Мақсаты - шығармашылық қабілеттерін қолдау, Махамбет шығармаларын насихаттау.

Оқу қорытындысы бойынша 13 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 2, II орын - 5, III орын - 7. Қатысушылар Махамбет Өтемісовтің шығармашылығын зерттейтінін және білетінін, ол туралы және оның шығармалары жайында өлең жазатындығын көрсете алды.

«Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын» номинациясы бойынша Жетекші ЖОМ  6 сынып оқушысы Байбулатов Санжар І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ол 60 шығарманы жатқа білетінін, қазақ әдебиетін оқып жүргенін көрсетті. ІІ дәрежелі дипломмен № 17, 18 ЖОМ оқушылары, ІІІ дәрежелі дипломмен № 2, 30, 37 ЖОМ оқушылары марапатталды.

«Ұлы арман» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен № 37 ЖОМ 9 сынып оқушысы Тоқбатырова Айшегүл марапатталды. Байқауда ол домбырада «Жұмыр қылыш» күйін орындады. Жетекші ЖОМ оқушысы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас ақындар Махамбетке арналған өлеңдерін оқыды. «Махамбетке арнау» атты өлеңдері үшін № 2 ЖОМ 8 сынып оқушысы Дінмұхамет Нұрайым І дәрежелі дипломмен марапатталды. ІІ дәрежелі дипломмен № 19 ЖОМ 8 сынып оқушысы Сұраған Арайлым «Ер Махамбет» өлеңі үшін, № 27 ЖОМ  9 сынып оқушысы Баймухамбетова Дильназ «Махамбетке арнау» өлеңі үшін марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломмен № 1 ЖОМ 5 сынып оқушысы Алтаева Сафина  «Өзіңсіз өлеңдер патшасы» өлеңі үшін, № 27 ЖОМ 8 сынып оқушысы Бегимова Дильназ  «Махамбетке арнау», № 20 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Байжанқызы Дамира «Батыр ұрпақ» өлеңі үшін марапатталды. Байқау жеңімпаздары облыстық оқуларға қатысады.