ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Болгарияда өткен акробатикадан халықаралық турнирдің біріншілігі
21-05-2021 09:15
Болгарияда өткен акробатикадан халықаралық турнирдің біріншілігі

Павлодар қаласының № 1 ЖОМ 7 сынып оқушысы Джантасов Назар облыстық команда құрамында Болгарияның София қаласында өткен спорттық акробатика бойынша халықаралық турнирге қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша Назар 3 жаттығудан тұратын жұпта акробатикалық жаттығуларды орындағаны үшін I орынды алды. Бірінші «Тепе - теңдік» жаттығуы - серіктестің басына бір қолмен тұру, екінші «Динамик» жаттығуы - әр түрлі акробатикалық элементтерді орындай отырып, серіктестің қолынан секіру, үшінші «Біріктіру» жаттығуы - 2 жаттығуды бірге орындау.

- Мен № 1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 6 жасымнан бастап халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы Петр Владимирович Гмызунмен айналысамын. Алғашқы үлкен жетістіктерімнің бірі 2017 жылы Швейцарияда өткен халықаралық турнирде біріншілік болды, - дейді жеңімпаз.

Осы кезеңде ол халықаралық және республикалық деңгейдегі 27 алтын, 14 күміс, 9 қола медальін жеңіп алды. 2019 жылы Ресейдің Омбы қаласында өткен халықаралық турнирде I орын, 2021 жылы Алматы қаласында өткен Қазақстан кубогы турнирінде II орын, Тараз қаласында өткен республикалық жарыста II орын алды. Мектепте Назар қызықты математикамен айналысады. Оның кең математикалық ойлау қабілеті бар. Ағылшын тілін оқып, болашақта аудармашы болғысы келеді.