ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Муай-тай бойынша облыстық чемпионаттағы жетістік
23-06-2021 12:13
Муай-тай бойынша облыстық чемпионаттағы жетістік

Павлодар қаласының білім бөлімі, «Бірлік» филиалы «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері 2021 жылғы 18 - 20 маусым аралығында муай-тай бойынша өткен Павлодар облысының ашық чемпионатына қатысты. Чемпионат «Баянтау» спорт кешенінде өтті, оған 12 - 17 жас аралығындағы 100-ден аса спортшы қатысты. Жарысқа Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан қонақтар қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша команданың қоржынында 1 алтын және 2 күміс медаль бар.

Жарыс қорытындысы бойынша 12 - 13 жас аралығында 50 кг дейінгі салмақтағы I орынды Құсайынов Арыстан алды, № 24 ЖОМ-ның 7 сынып оқушысы. Арыстан муай-таймен бір жыл айналысып жүр, футболға деген қызығушылығы да бар. 

Күміс медальді жас ерекшелігі категориясы бойынша 38 кг дейінгі салмақта 13 жастағы Айнар Салимов иеленді, № 22 ЖОМ-ның 6-сынып оқушысы. Айнар бір жарым жыл болды осы спорт түрімен айналысып жүргеніне, жаттығулардан бос уақытында атқа мініп, самокатта трюктар жасайды. 

Екінші күміс медальді 14 - 15 жас аралығында 51 кг дейінгі салмақтағы II орынды Құсайынов Қайрат алды, № 24 ЖОМ-ның 9-сынып оқушысы. Қайрат тай боксымен айналысқанына бір жыл болды, футболға және сурет салу өнеріне деген қызығушылығы бар.

Балалар үшін бұл алғашқы жарыс және болашақ жүлде қоржынына қосылған алғашқы жеңіс Жаттықтырушылары Ракишев Жандос Сейткенович,  жоғары санатты оқытушы, спорт шеберінің кандидаты.