ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Үздік әдістемелік кабинет» облыстық конкурсы туралы
24-08-2021 13:19
«Үздік әдістемелік кабинет» облыстық конкурсы туралы

    Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2021 жылғы 2 маусым күні «Үздік әдістемелік кабинет - 2021» облыстық конкурсының қорытынды кезеңін өткізді. Конкурс мақсаты -әдістемелік қызметті жетілдіру және қалалық, аудандық әдістемелік кабинеттердің әдістемелік қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін дамыту, озық әдістемелік тәжірибе идеяларын тарату.

   Конкурсқа Павлодар облысының білім беру бөлімдерінде әдістемелік қызметті іске асыратын қызметкерлер қатысты. Конкурс қашықтықтан, сырттай және тікелей (көзбе-көз) кезеңдерде өткізілді. Сырттай кезеңде 2021 жылғы 24 – 28 мамырда сараптамалық кеңес аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттер жүзеге асыратын педагогтерді әдістемелік қолдау инновациялық жобаларының материалдарын қарастырды.

   2021 жылғы 2 маусым күні өткізілген тікелей кезеңде аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің жетекшілері инновациялық қызметтері бойынша шығармашылық есептерін қорғады.

  Облыстың тамыз айындағы іс-шаралары аясында әдістемелік қызметкерлердің жыл сайынғы секциясында Павлодар қаласының әдістемелік кабинеті үздік деп танылды. Бұл қаланың барлық педагогтарының ортақ жеңісі.