ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сәндік-қолданбалы шығармашылық жұмыстарының көрмесі
25-08-2021 09:05
Сәндік-қолданбалы шығармашылық жұмыстарының көрмесі

Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Еңбек елдің мұраты» жобасы аясында «Мен Қазақстанда туып-өстім» көрмесі онлайн форматта ұсынылды. Мақсаты - қазақ халқының өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлерін, халық өнерінің колориті бар авторлық бұйымдарды танымал ету, халық қолөнерін, сәндік-қолданбалы өнерді, ұлттық дәстүрлерді сақтау және дамыту.

Іс-шараны өткізу үшін жастар арасында адам өміріндегі еңбектің рөлін түсінуге жәрдемдесу, табанды еңбектің арқасында табысқа жеткен адамдардың беделін арттыру арқылы өскелең ұрпақтың бойына еңбекке деген сүйіспеншілікті сіңіру негіз болды.

Көрмеге мектеп оқушылары мен педагогтарының 100-ден астам шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Көрмеде 90-нан астам оқушы мен 2 оқытушы өз шеберліктерін көрсетті. Стильдердің әртүрлі үйлесімі таң қалдырды,жол бағытын таңдауда адасу оңай болды. Жұмыстар жұқа киізден, былғарыдан, бастырмадан, кестелеуден, тоқудан, ағаш оюдан, күйдіруден орындалды.

Басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Русакова Зоя Михайловна балалар жұмысын ерекше атап өтті: «Барлық жұмыстар: көрмеде ұсынылған макеттер, суреттер, кілемдер, тұрмыстық заттар, әшекей элементтері үлкен сүйіспеншілікпен және ынтамен орындалған. 12 жастағы Ибраева Адинаның «Түйе» бастырмасы, 14 жастағы Валерия Русиновичтің «Алматы аппорты» коллажы таңқаларлық көрінеді. Балалардың табандылығы, олардың шыдамдылығы және осы сұлулықты жасауға деген басты ықыласы таң қалдырады».

Мектептің көркем еңбек мұғалімі Наталья Анатольевна Балобанның қалдық материалдар - тоқыма, былғары, иірімжіп, бисерден орындаған, көктемнің келуін, өмір мен сұлулықтың жандануын білдіретін, ұлттық киімдегі жас қыздың бейнесі бейнеленген «Көктем» коллажы өзгеше болып көрінді.

«Бүгінгі таңда балалар шығармашылығын дамытудың көптеген стандартты емес бағыттары пайда болды. Халық өнерін зерттеу және насихаттау мәдени мұра мен байлықтың сақталуына ықпал етеді», - деп атап өтті мектеп басшысы Ахмадова Зәуреш Дәуленқызы.