Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес қаланың білім беру ұйымдарында Конституция күніне арналған «Ата Заң - кемел келешектің кепілі», «Менің Қазақстаным, менің болашағым», «История страны - история народа» тақырыптарында сынып, кеңес беру сағаттары, викториналар, көрмелер, дөңгелек үстелдер, деректі фильмді қарау, бейнероликтерді, бейне құттықтауларды ұсыну сияқты іс-шаралар қашықтықтан өткізіледі.
24 тамыздан бастап онлайн режимде «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері арасында «Менің Қазақстаным» ең үздік бейне құттықтау бойынша байқау өтуде. Үздік жұмыстар 30 тамызда әлеуметтік желілер беттерінде жарияланады.
27 тамыздан бастап қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 12000-нан астам оқушылары «Конституция - Қазақстан халқының игілігі» бейне құттықтаудың, «Ата Заң - кемел келешектің кепілі!» викторинаның қатысушылары, инстаграмда, бейнепанельде Конституция күніне арналған патриоттық әндер жазылған құттықтау хаттары мен бейнероликтерді орналастыруда.
Барлық жалпы білім беретін мектептерде «Конституция - жаңа дәуірдің бастауы» - «Конституция - жаңа дәуірдің бастауы» сынып сағаттары, «Ел тарихы - халық тарихы» кеңес беру сағаттары, мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен Конституция күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
Қосымша білім беру мекемелерінде 20000-нан астам бала балалар суреттері көрмесіне, «Құқықым бар» - «Мои права» ойын-турниріне қатысты.
30 тамызда «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының аула клубтарында «Қазақстан - ұлы саяхат тарихы» деректі фильмінің отбасылық көрсетілімі өтеді, балалар көркемсурет мектебінің оқушылары «Менің Қазақстаным, менің болашағым!» атты көрме ұсынды. Іс-шараларды мерекелеу аясында Павлодар қаласының балалар музыка мектебінде мерекелік концерт өтеді.
Білім күніне арналған іс-шаралар аясында 1 қыркүйекте 2 - 11 сыныптарда «Тәуелсіздік жетістіктері» - «Достижения Независимости» сынып сағаттары өтеді.
Конституция күніне арналған іс-шараларға 45000-нан астам бала, педагогтар, ата-аналар қатысады.