Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жасыл желек» облыстық байқау-конкурсының қорытындысы
03-09-2021 08:47
«Жасыл желек» облыстық байқау-конкурсының қорытындысы

«Жаз - 2021» жазғы жобасы аясында 2021 жылдың маусым - тамыз айларында облыстың 27 жалпы білім беретін мектебі қатысқан оқу-тәжірибе учаскелерінің типтері бойынша «Жасыл желек» облыстық байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы комиссия мүшелерінің қатысушы мектептерге баруы арқылы 9 - 16 тамызда шығарылды. Әр мектепке баллдар байқаудың бағалау өлшемдеріне сәйкес қойылды.

Байқау қорытындысы бойынша облыстың 17 мектебі жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде Павлодар қаласының мектептерінде - 2 орын және 2 номинация.

II орынды 3 жүлделі орынның ішінен № 17 ЖОМ иеленді. Мектеп жанындағы участке 2000 жылдан бастап жұмыс істейді, «Сәукеле», «Сандық», «Қазан», «Құмыра» ұлттық колорит - экспозицияларымен безендірілген. Учаскеде мектеп бағдарламасында зерттелген өсімдіктер өсіріледі - қызылша, жүгері, асқабақ, кәді, қызанақ, баклажан, бұрыш, күнбағыс. Көкөніс және гүл дақылдары биологияда гербарий жасау үшін қолданылады. Алынған дақыл ішінара мектеп асханасында пайдаланылады, егіннің бір бөлігі сатылады. Түскен қаражатқа гүл және көкөніс дақылдарының тұқымдары сатып алынады.

III орынды (3 орынның ішінен) № 6 ЖОМ иеленді. Учаскеде көкөніс, жеміс-жидек, гүлді-сәндік, коллекциялық, дендрологиялық бөлімдер бар. Оқушылар учаскеде өсімдіктер өсірумен, олардың өсуі мен дамуын бақылаумен, биологиядан оқыту бағдарламаларына, үйірмелерге, зерттеу жұмыстарына сәйкес ауылшаруашылық тәжірибелерін жүргізумен айналысады. Учаскеде әлеуметтік пайдалы еңбек, оқушылардың еңбек тәжірибесі, сыныптан тыс тәжірибелік, зерттеу және табиғатты қорғау жұмыстары ұйымдастырылған. Мектеп жанындағы учаскеден алынған өнім аз қамтылған отбасыларға азық-түлік көмегі ретінде беріледі.

Облыстық байқаудың 7 номинациясының ішінен № 39 ЖОМ «Жасыл оазис» номинациясын иеленді. Жасыл желектер мектеп аумағының 60% алып жатыр, оның ішінде 25% - оқу-тәжірибе аймағы. Мектепте ағаштардың 7 түрі (шырша, емен, пирамидалық терек, шетен, қарағай, қайың, үйеңкі, шегіршін), бұталар (спирея, итмұрын, қарағаш, сирень, миндаль) отырғызылды. Сәндікүл өсімдіктері (герань, канн, петунья, раушан, шафрандар, тагетес, түймедақ) сәндік-дәрілік (мелисса, жалбыз, дәрілік түймедақ), аллея, гүлзарлар және сәндік төбешіктер түрінде ұсынылған.

«Ертегі елі» номинациясы бойынша № 26 ЖОМ жеңімпаз атанды. Сюжетті ертегі тақырыбына рәсімдеу идеясы мектеп директорының орынбасары Салтанат Тоқтарбайқызы Омароваға, мектеп жанындағы учаскенің басшысы Светлана Васильевна Хисамоваға және әріптестері: Татьяна Михайловна Ряжко, Галина Николаевна Викуловаға, Надежда Александровна Стремцоваға, Ардақ Бостауқызы Қалиякбароваға, Мейрам Айтбайұлы Букановқа келді. Мектеп аумағында оқу-тәжірибе учаскесі 50 жылдан астам жұмыс істейді. Оқу-тәжірибелік учаскедегі оқушылар қызметінің негізгі бағыттары көкөніс дақылдарын өсіру, олардың өсуі мен дамуын қадағалау, ағаштарды кесу, еңбекке оқыту, табиғаттану, биология, үйірме сабақтары, зерттеу жұмыстары бағдарламаларына сәйкес ауыл шаруашылығы тәжірибелерін жүргізу болып табылады. Мектеп аумағын вегетациялық кезеңде гүлзарлармен безендіріледі. Сәндік-гүл дақылдар түрлерінің әртүрлілігі жыл сайын толықтырылып отырады. Жұмыс қорытындысы бойынша қазан айында «Экологиялық ассорти» (ағылшын тілінде), «Егін мерекесі» (1 - 4 сыныптар), «Егін» (5 - 8 сыныптар), «Күзгі бал» (9 - 11 сыныптар) жалпы мектептік және сыныптық іс-шаралар өткізіледі. Жыл сайын «Күзгі қиял» қолөнер байқаулары, «Алтын күз» қабырға газеттері байқауы ұйымдастырылады.

Мектептердегі оқу-тәжірибе учаскесі балалардың табиғатқа деген қызығушылығы мен махаббатын тәрбиелеу, ауыл шаруашылығымен айналысу дағдыларын алу, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мақсатында ұйымдастырылады. Жерге деген көзқарас оқушылардың еңбек, адамгершілік, физикалық, экологиялық және эстетикалық тәрбиесінің бірлігі негізінде мектеп оқушыларын тәрбиелеуге кешенді көзқарас идеяларын жүзеге асыруға көмектеседі.