ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Президенттік олимпиада да өз білімдерін 32 оқушы тексерді
16-09-2021 16:31
Президенттік олимпиада да өз білімдерін 32 оқушы тексерді

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту  орталығымен 2021 жылғы 15 қыркүйекте қашықтық форматта ХІV Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты - оқушылардың теориялық білімі мен іскерлігін тексеру, дарынды оқушыларды қолдау және олардың әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысуы үшін оңтайлы жағдай жасау. Жаратылыстану-математикалық бағыт  пәндері - математика, физика, химия, биология бойынша 11 сыныптың 32 оқушысы өз білімдерін тексерді. Олимпиада шарты бойынша қатысушылар әр пән бойынша 15 тест сұрағына жауап берді. Қазылар алқасының құрамында қаланың жоғары оқу орындарының оқытушылары жұмыс істеді.

Олимпиада қорытындысы  бойынша Жұмабекова Гүлзат (№ 2 ЖОМ), Финтисова Виктория (Қ. Макпалеев атындағы ЖОМ),  Левкович Егор (№ 9 гимназия-мектепбі), Шестаков Дмитрий (№ 17 ЖОМ), Айтмульдина Айдана (№ 29 ЖОМ) ең жоғары ұпай жинап және 2021 жылғы 30 қыркүйекте олимпиаданың  облыстық кезеңіне қатысу мүмкіндігіне ие болды.

II орынды – Рымарь Ратмир (№ 16 лицей-мектебі), Баратова Акерке    (№ 29 ЖОМ), Ермекова Акбота (№ 37 ЖОМ) иеленді. III орынды - Дукачев Максим (№ 6 ЖОМ), Журавлев Владислав (№ 18 ЖОМ), Ерсинова Айсана (№ 19 ЖОМ), Капанов Алимхан (№ 21 ЖОМ), Биғазы Алуа (Б. Момышұлы ат. ЖОМ), Абдикаримова Айым (№ 25 ЖОМ), Малютин Александр (№ 26 ЖОМ), Путинцев Иван (№ 34 ЖОМ), Камышкенов Даниял (№ 39 ЖОМ), Волошина Полина (№ 41 ЖОМ), Каиргельдинова Аида (Жетекші  ЖОМ) 11  оқушы  иеленді.

Президенттік олимпиада төрт кезеңде өткізіледі, алдағы уақытта облыстық, іріктеу (2 тур) және қорытынды республикалық тур болады.