ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Ардагерлерге қамқорлықпен
29-09-2021 09:15
Ардагерлерге қамқорлықпен

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 2021 жылғы 15 - 25 қыркүйек аралығында педагогика еңбегінің ардагерлері үшін Бурабайға сапар ұйымдастырылды.

Облыс ардагерлері делегациясының құрамында «Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалы Павлодар қаласының ардагер ұстаздарына жолдама берді.

Ардагерлер келген күні республикалық салалық білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А. М. Мұқашевамен, облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Г. А. Наурызбаевамен кездесті.

Ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін білім қызметкерлерінің республикалық салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен Н. Ф. Логвиненко, облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподағының Алғыс хатымен В. В. Слывоцкая, Қ. К. Ильясова, Г. Ш. Шиндлярская марапатталды.

«Көктал-тау» шипажай-профилакториінің базасында ардагер-педагогтардың демалуы мен сауықтырылуы үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Педагогтар панто емдеу және балқарағай бөшкелеріне бару, түрлі физиопроцедуралар, массаж, көрікті жерлерге серуендеу түрінде сауықтыру процедураларын алды. Педагогтардың бос уақыты қызықты және ерекше ұйымдастырылды, Бурабайдың ескерткіш орындарына экскурсиялар өткізілді.

Павлодар қаласының педагог еңбек ардагерлері «Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалының төрайымы С. Ш. Сеитоваға демалыс пен сауықтыруды ұйымдастырғаны үшін үлкен алғыс білдіреді.