ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар облыстық байқауға 144 ғылыми жоба ұсынады
22-10-2021 12:10
Павлодарлық оқушылар облыстық байқауға 144 ғылыми жоба ұсынады

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны»  бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту  орталығымен  2021 жылғы 12 - 20 қазанда 8 - 11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың қашықтықтан байқауын өткізді.

Конкурс 4 бағыт бойынша өткізілді: «Ғылыми-техникалық прогресс - экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» - физика, техника бойынша секцияларда, «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу» - математика, экономика, информатика секцияларында, «Салауатты табиғи орта «Қазақстан - 2030» стратегиясын іске асырудың негізі» - биология, химия, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы бойынша секцияларда, «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективтік туристік бағыттар» - тарих, өлкетану, этномәдениеттану, адам және қоғам, тіл білімі және әдебиет секцияларында.

Байқауға қаланың 39 жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары 17 секция бойынша 238 зерттеу жұмыстарын ұсынды. Тіл білімі бойынша ең көп жобалар ағылшын тілі (30), өлкетану (27), физика (20), қоршаған ортаны қорғау (18), биология (17).

Байқау қорытындысы бойынша 144 жоба бойынша 145 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер сертификаттармен, Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломымен марапатталды. Алдағы уақытта олар облыстық деңгейдегі ғылыми жобалар байқауының іріктеу кезеңінен өтеді.

І орынды № 9 (2) мектеп-гимназиясы, ЖОМ № 14, 17, 19 (3), 25, 28 (2), 34 (2), 35, 36, 37 (2), 43, № 16 мектеп-лицейі, Кенжекөл ЖОМ  19 оқушысы  иеленді. ІІ орынды № 5, 11, 17 (2), 18, 19, 21 (2), 24, 25 (5), 26, 29 (2), 30, 32, 33, 34, 36, 37 (6), 41 (2), 43 (2), № 20 мектеп-лицей, Қ. Мақпалеев атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Кенжекөл ЖОМ (2), Жетекші ЖОМ (2) 39 оқушы иеленді.

III орын - 87 оқушы № 1(4), 2 (4), 6, 9, 11 (2), 13 (5), 14, 17 (3), 18 (2), 19 (4), 21 (4), 23, 25 (9), 26, 29 (3), 30, 32, 33 (2), 34 (2), 36, 37 (16), 39 (2), 40, Қ. Макпалеева, Қ. Бекхожина, № 16 мектеп-лицей (3), № 20 мектеп-лицей (3), Б. Момышұлы атындағы, Кенжекөл ЖОМ (4), Жетекші ЖОМ (3).

Информатика  бойынша  секцияда «Мектептің web-порталында білім беру қызметтерін автоматтандыру» жобасы үшін № 34 ЖОМ 9 сынып оқушысы Юревич Семен I орын алды. Жобада білім беруді цифрландыру ерекше рөл атқарады. Онлайн режимінде білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жағдай талданды.

Химия секциясында № 34 ЖОМ 10 сынып оқушысы Крупин Никита «Заманауи әрлеу материалдарының экологиясы» жобасы үшін I орын алды. Үй құрылыстарында экологиялық таза материалдарды - тастарды, ағашты пайдалану бойынша зерттеу, қабырғалар мен төбелерді ақтау, табиғи компоненттерден жасалған ағаш жабындар, МФД-панельдер.

Тіл білімі-ағылшын тілі секциясында «Қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі түс мәнділігі компоненті бар фразеологиялық бірліктер» жобасы үшін № 17 ЖОМ 8 сынып оқушысы Кеңесова  Эльдана І орын алды. Жас зерттеуші ағылшын, қазақ және орыс тілдеріне салыстырмалы талдау жүргізді.

Тарих секциясында Кенжекөл ЖОМ 10 сынып оқушысы Алмаз Асылбек «Қобыланды батыр» батырлық эпосының мысалында әдебиет пен тарихтың өзара байланысы" жобасы үшін I орын алды. Жоба қазіргі оқушылар арасында тарихи тұлғаларды дәріптеуге, «Қобыланды батыр» эпосының үлгісінде әдебиет пен тарихтың байланысын зерттеуге бағытталған.

Математика бойынша  секцияда «Есепті құрастыруда қалдықты бөлуді қолдану» жобасы үшін № 19 ЖОМ 8 сынып оқушысы Канапина Медея I орын алды. Жұмыста модульдің қасиеттері зерттеліп, стандартты емес есептерді шешу жолдары қарастырылды.

Қазақ әдебиеті бойынша секцияда «Қазақ әдебиетіндегі рухани-мәдени және материалдық құндылықтардың көрінісі» жобасы үшін № 19 ЖОМ 8 сынып оқушысы Слямова Малика - ең дарынды, ізденімпаз  және білімқұмар оқушылардың бірі I орын алды. Әдебиет пен өнерге қызығушылық танытады. Зерттеу жобасы өзектілігімен ерекшеленеді және қазіргі жас ұрпақтың қазақ классикалық әдебиетін зерттеу қажеттілігіне баса назар аударады.

Бүгінгі мектеп оқушысын поэзия немен  қызықтыра алады? Қазіргі ақындардың шығармаларында қандай образдар пайда болады? Осы және басқа да сұрақтарға № 19 мектептің 10 сынып оқушысы Досжан Камила «Павлодар Ертіс өңірінің қазіргі ақындарының шығармаларындағы поэтикалық образдар» жобасында жауап беруге тырысты. М. Әлімбаевтың, М. Жаманбалиновтың, О. Григрьеваның, Е. Игнатовскаяның көпшілікке таныс шығармаларын зерделеп, поэтикалық образдардың типтік және жеке ерекшеліктері оқушылардың дүниетанымының дұрыс қалыптасуына қалай әсер ететінін көрсетті.