ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туристік көпсайыс бойынша біріншілік
12-11-2021 10:20
Туристік көпсайыс бойынша біріншілік

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы 2021 жылғы 6 - 7 қарашада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған туристік көпсайыс бойынша  Біріншілік өткізді. Біріншілікке 130-дан астам қатысушы қатысты. Мақсаты - бұқаралық спорт туризмін насихаттау және одан әрі дамыту, спорт шеберлігін арттыру, дарынды балаларды қолдау.

 Біріншіліктің шарты бойынша қатысушылар 4 жас тобында 10 жасқа дейінгі, 11 - 12 жас, 13 - 14 жас, 18 жасқа дейін және одан жоғары «Жеке» және «Байламдар» қашықтықтарында жарысты. Жарыстың бірінші күні ең қызықты болды.  «Жеке» қашықтықтығы әртүрлі санаттар үшін техникалық күрделілігімен және арнайы жабдықтармен жұмыс істеуімен ерекшеленді.

Біріншіліктің екінші күні «Байламдар»  қашықтығында жарыстармен жалғасты. Спортшылар жылдамдық пен қатесіз қысқа қашықтықты өту қабілетімен жарысты. Ең жас қатысушылар да, тәжірибелі спортшылар да, ҚР чемпионаттарында облыс құрамасының өкілдері спорт шеберіне үміткерлер  де көтерілу мен түсудің түрлі нұсқаларын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша «Пирамида-1», «Пирамида», «Вершина», «Вертикаль», «Вертикаль-2», «Колибри», «Искра», «Азимут», «Эдельвейс» туристік клубтарының тәрбиеленушілері жүлделі орындарға ие болды, педагогтары В. Ю. Ридзаускас, И. В. Ридзаускене, С. Н. Агалаков, О. В. Дьяченко, С. В. Кремер, А. В. Мицкевич, Р. А. Кенжин, А. К. Ермекбаева, О. А. Лаврентьева.

 Сондай-ақ, 18 жасқа дейін және одан жоғары спортшылар байламды қашықтықты еңсеру бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Мысалы, Михаил Сидоренко мен Рамиль Кадеев туризмде 10 жылдық тәжірибесі бар.

Жас спортшылар шеберлердің деңгейін бағалап, болашақта маңызды нәтижелерге қол жеткізуді мақсат етті. Жалпы, жарыстар денсаулықты сақтауға және нығайтуға, салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін тәрбиелеуге ықпал етеді, - дейді жарыстың бас төрешісі Владислав Юрьевич Ридзаускас.