Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқу-тәрбие үрдісінде Ы. Алтынсариннің педагогикалық мұрасын пайдалану
18-11-2021 14:58
Оқу-тәрбие үрдісінде Ы. Алтынсариннің педагогикалық мұрасын пайдалану

Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына арналған республикалық «Даланың алып қонырауы» педагогикалық оқулардың облыстық кезеңіне Павлодар қаласы балабақша педагогтарының қалалық тур жеңімпаздарының 2 жұмысы ұсынылды. Оқулар облыстың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткізілді. Мақсаты - балалармен шығармашылықпен жұмыс істейтін, үздік педагогикалық идеяларды қолданатын креативті және талантты педагогтарды қолдау.

Облыстық оқу кезеңінің қорытындысы бойынша Павлодар қаласының қатысушылары өздерінің шығармашылық жұмыстарын лайықты ұсынып, 40 жұмыстың ішінен үздік деп танылды. № 49 санаторлық сәбилер-балабақшасының басшысы Смағұлова Жанат Асқарқызы «Қызметті үздіксіз бақылау және түзетудегі тиімді менеджмент» мақаласын, № 6 мектепке дейінгі гимназияның тәрбиешісі Жұмағожина Жанаргүл Нұрланқызы «Қазақ ұлттық ою-өрнектері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту» мақаласын ұсынды. Педагогтер өз жұмыстарында мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда халықтық әдістер мен тәсілдерді қолдану, тиімді педагогикалық менеджменттің өзекті мәселелері туралы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Олардың жұмыстары республикалық оқуға ұсынылады.

Қалалық оқу кезеңіне авторлық ұжым жетекшілерімен, педагогтармен, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерімен жеке орындалған 60 жұмыс ұсынылды: «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары», «Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: мектепке дейінгі білім берудегі тәжірибе мен перспективалар және инновациялық әдістер мен тәсілдер».

Қатысушылардың материалдары баяндама, эссе және мақала түрінде ұсынылды. Қатысушылар STEM білім беру модульдері туралы жұмыстарды ұсынды, тиімді менеджмент, сыни ойлауды дамыту технологиясының әдістерін бақылау үшін мониторинг жүйесі, Ы. Алтынсариннің шығармалары арқылы мектеп жасына дейінгі балаларда рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ экологиялық тәрбие мәселелері қаралды.

Жұмыстарда идеяның мазмұндылығы мен болашағы, өзектілігі, тәжірибеде қолданылуы бағаланды. Байқаудың қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша № 3, 6, 16, 22, 24, 29, 33, 49, 82, 96, 111, 120 балабақшалар қатысушыларының 15 жұмысы үздік деп танылды.