ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Спорттық гимнастикадан павлодарлық балалардың жетістігі
28-12-2021 09:29
Спорттық гимнастикадан павлодарлық балалардың жетістігі

Нұр-Сұлтан қаласында спорттық гимнастикадан республикалық турнир өтті. Осы маусымда алғаш рет командалық біріншілік өткізілді. Қостанай, Нұр-Сұлтан, Семей, Ақтау, Талдықорған, Павлодар қалаларынан 6 өңірлік құрама қатысты. Павлодардан барған гимнасттар 20 бала, олар әр түрлі дәрежедегі 18 медаль әкелді. Павлодарлықтар үшін басты қарсыластар қостанайлықтар болды.

- Онда үлкен тәжірибесі бар жаттықтырушылар жұмыс істейді, олар спорттық гимнасттар. Біз олардан кем түспеуге тырыстық, бірақ олар аздап бізден алда болды, сондықтан командалық I орын олардың қоржынында, - деді Павлодар қаласының № 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спорттық гимнастикадан жаттықтырушысы Анастасия Демешко.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық біріншіліктің вице-чемпиондары 4 павлодарлық қатысушы болды, оның ішінде № 35 ЖОМ 6 сынып оқушысы Дамир Сағынбеков, № 28 ЖОМ 4 сынып оқушысы Артур Шамирян, М.Әуезов атындағы ЖОМ 3 сынып оқушысы Георгий Жарков. Қостанайдан келген гимнасттардан өте аз ұтылдық.

Жеке көпсайыста екі чемпиондық марапат, оның ішінде № 34 ЖОМ 3 сынып оқушысы Никита Дымовта да бар. Павлодарлықтар турнир финалында жекелеген жаттығуларда ең көп алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды.

- Бұрын мен футболға баратынмын, бірақ маған ұнамады, сосын спорттық гимнастикаға бардым. Менің сүйікті снарядым - тірекке секіру, - дейді чемпионаттың жеңімпазы Никита Дымов.