ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептегі кәсіби-бағдар беру жұмысы
11-02-2022 09:06
Мектептегі кәсіби-бағдар беру жұмысы

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Қазақстанның кәсіптері мен құзыреттіліктерінің атласы» облыстық жобасын іске асыру бойынша пилоттық жоба шеңберінде Инновациялық Еуразия университетімен бірлесіп ZOOM платформасында онлайн режимде «Мектептегі кәсіби бағдарлаудың ерекшеліктері. 21 ғасырдың 100 жаңа мамандығы. Мамандық таңдаудың психологиялық аспектісі» атты кезекті семинар өткізілді. Мақсаты - еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес болашақ мамандықты таңдайтын психологтардың оқушылармен жұмыс жасауының қадамдық алгоритмі. Жалпы білім беретін мектептердің 60-тан астам педагог-психологтары қатысты.

Семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова оқушылар мен ата-аналар арасында мамандық таңдау және кәсіби-бағдарлау жұмысы, диагностика, қабілеттерді анықтау, мамандық таңдаудың дұрыстығы бойынша психологтардың талдау жүргізуі туралы мәселелерге тоқталды. Педагог-психологтарды инклюзивті білім беру бойынша республикалық конференцияның ережесімен және авторлық бағдарламалар, жобалар, оқу құралдары, жұмыс дәптерлері, әдістемелік ұсынымдар материалдарын тапсыру мерзімдерімен таныстырды. Оразбекова Әйгеіим Алтынбекқызы, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру және қабылдау бөлімінің бастығы, Инновациялық Еуразия Университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы «Мектептегі кәсіптік бағдар беру ерекшеліктері. 21 ғасырдың 100 жаңа мамандығы. Мамандық таңдаудың психологиялық аспектісі» тақырыбында болашақ мамандықты дұрыс таңдауға оқушылар мен ата-аналарды дайындаудағы педагог-психологтардың рөлі туралы толық түсінік берді. Кәсіби бағдар беру жөніндегі кейстермен, болашақ қызмет саласын анықтауға мүмкіндік беретін психологиялық тесттермен, қажеттіліктерді анықтау, оқушы қандай қызмет саласында оларды іске асыра алатынын айқындау жөніндегі сауалнама және сұрақтармен, «Қазақстанның жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы» республикалық сайтындағы еңбек нарығын зерделеумен таныстырды. Ол бірлескен жұмыс аясында қала мектептерінде 11 сынып түлектеріне сауалнама жүргізуді және ЖОО қызметкерлеріне сауалнама нәтижелері бойынша деректер мен ұсынымдарды өңдеуді қамтамасыз етуді ұсынды.

Семинардың материалдары мен ұсыныстары мектеп оқушыларымен кәсіби-бағдар беру жұмысы бойынша педагогтердің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың өзін-өзі дамыту және өздігінен білім алу үшін қала мектептеріне жіберілетін болады. Талдау, диагностика жүргізу, мамандық таңдаудың дұрыстығын анықтау әдістері мен құралдарын меңгеру бойынша педагог-психологтармен семинар-практикумдар жалғасатын болады.