ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас педагогтармен жұмыста тәлімгерлердің рөлі
14-02-2022 15:58
Жас педагогтармен жұмыста тәлімгерлердің рөлі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Тәлімгерлік кәсіби дайындық деңгейін диагностикалау нәтижелерін ескере отырып, жас педагогтың белсенді сүйемелдеуі ретінде. Тәлімгердің жас мамандармен жұмысының тиімді түрлерін таңдау» атты тәлімгерлер мектебінің кезекті отырысын өткізді. Отырыс № 11 мектеп педагогтарының жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша онлайн форматында өтті. Мақсаты - кәсіби қиындықтарды диагностикалау негізінде жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету. Биылғы жылы келген 126-дан астам тәлімгер мен 128 жас педагог қатысты.

Отырыста «Тәлімгерлік кадрлық әлеуетті дамытудың тиімді құралы ретінде. Жас мамандармен жұмыс істеудің тиімді түрлерін таңдау» тақырыбында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова баяндама жасады. Отырысқа қатысушылардың назарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 160 бұйрығын басшылыққа алып, тәлімгерлердің қызметін регламенттейтін құжаттар тізбесімен таныстырды. Тәлімгерліктің мақсаттары мен міндеттеріне - тәлімгердің өзін қоса алғанда, барлығының кәсіби деңгейі мен дағдыларын арттыруға, жас мұғалімдердің кәсіби уәждемесін күшейту және тәжірибелі педагогтердің кәсіби мәртебесін арттыру үшін қосымша мүмкіндіктер беру есебінен кадрлардың тұрақтамауын төмендетуге, бүкіл ұжымның кәсіби ынтымақтастығын нығайтуға, тәлімгерлерді бекіту және олардың еңбегіне ақы төлеу, кері байланыс жөніндегі талаптарға тоқталды. Есеп беру, бірлескен жұмыс туралы бейнематериалдар ұсыну мерзімдері туралы түсініктеме берілді.

Қатысушыларға № 11 мектеп тәлімгерлерінің оң жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Мектеп директорының орынбасарлары Байжұманова Әсем Сапарбекқызы «Менторинг мектептегі педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру құралы ретінде» тақырыбында сөз сөйледі, Жолдасбекова Күлкен Жұмаханқызы жас маман жұмысында кездесетін қиындықтарды анықтау мақсатында сауалнама және диагностика жүргізумен таныстырды. «Мектепте тәлімгерлікті ұйымдастыру туралы» жас маманның кәсіби қалыптасуының жеке жоспарын жоспарлау мәселелеріне тоқталды. Мектептердің тәжірибелі және жетекші мұғалімдері, облыстық және қалалық кәсіби байқаулардың жеңімпаздары тәлімгерлер жұмысының интерактивті түрлерін практикада қолданғанын көрсетті. Рафальская Марина Викторовна, тәлімгер, орыс тілі мен әдебиетінің зерттеуші-мұғалімі және жас маман Какымова Зарина, ағылшын тілі мұғалімі «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында жас педагогтың кәсіби дамуын басқару» тақырыбында сөз сөйлеп, сабақта белсенді жұмыс тәсілдерін қолдану және жас мұғалімнің кәсіби дамуына уәждемесін арттыру туралы айтты. Иманғазина Бану Калиқызы, тәлімгер, математика пәнінің зерттеуші-мұғалімі және жас маман Жанайдаров Батырхан Бейсенғалиұлы, информатика пәнінің мұғалімі «Жас мамандармен жұмыс істеуде тәлімгерліктің заманауи тәсілдері» тақырыбында сөз сөйледі, тәлімгерлік түрлерімен - флэш-тәлімгерлік, виртуалды тәлімгерлік, топтық тәлімгерлікпен таныстырды. Мотуз Людмила Васильевна, тәлімгер, бастауыш сынып мұғалімі сабаққа өзара қатысуды ұйымдастыру, содан кейін мұғалімнің мақсатқа жету жолында алға жылжуы туралы талдау және қорытынды жасау, сабақты бақылау бойынша пікірлерді талқылау, тәлімгердің бағалау парағын толтыру мәселелеріне тоқталды. Жас маман Рахманғұлова Аина Ержанқызы «Бастауыш педагогтың тұлғасын трансформациялау туралы» тақырыбында сөз сөйледі. Бермұхамедов Абылайхан Әділханұлы, жас маман, математика пәнінің мұғалімі, жас педагогтар кеңесінің төрағасы жас педагогтар кеңесінің жұмыс жоспарымен және келешегімен таныстырды. Назаренко Екатерина Григорьевна, Ермоленко Надежда Александровна, мектеп психологтары «Тәлімгерліктің психологиялық-педагогикалық аспектілері» тақырыбында сөз сөйледі. Тренингтер, сауалнамалар өткізу туралы айтылды, тренинг өткізілді, тәлімгердің мұғаліммен өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.

Айта кету керек, Нұрахметова Шолпан Сәменқызының жетекшілігімен тәлімгерлер мектебі екінші жыл, жас мұғалімдер мектебі - 12 жыл жұмыс істейді.

 Тәлімгерлер мектебінің әрбір отырысының қорытындысы бойынша қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар, нормативтік-құқықтық база бойынша құжаттар, диагностика бойынша сауалнамалардың үлгілері беріледі, тәлімгер мен жас педагогтың ынтымақтастық жоспарлары жасалады. № 11 мектептің жұмыс тәжірибесі қалалық деңгейде қорытындылау үшін қалалық сараптамалық кеңеске ұсынылады. Онлайн кездесулердің материалдары электрондық-әдістемелік электрондық дайджесте орналастырылады және практикада пайдалану үшін қала мектептеріне жіберіледі.