ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инклюзивті білім берудегі психологиялық-педагогикалық қызмет
15-02-2022 09:40
Инклюзивті білім берудегі психологиялық-педагогикалық қызмет

«Инклюзивті білім берудегі психологиялық-педагогикалық қызметтің инновациялық әдіснамалық құралдары» пилоттық жобасы аясында «Педагогтар мен білім алушылардың жетістіктерін ынталандырудың технологиялары. Теория және практика» атты ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинарды Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Инновациялық Еуразия университетімен бірлесіп ZOOM платформасында онлайн режимінде өткізді. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің 100-ден астам өкілдері, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, мектеп директорларының орынбасарлары, пән мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің педагог-ассистенттері қатысты.

Семинарда «Педагогика және психология» психология, тарих, география, магистратура білім беру бағдарламаларының жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қайырбекова Бағжанат Дындарбекқызы «Педагогтың функционалдық-жүйелік ойлауының инновациялық құралдары» тақырыбында сөз сөйледі. Ол оқушылардың инновациялық қабілеттерін дамытудың әдістері мен модельдеріне, инклюзивті білім берудегі психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің әдіснамалық құралдарына егжей-тегжейлі тоқталды. Кәсіби қызметтегі типтік қиындықтар базасын қалыптастыру мәселелерінде ол аймақтың негізгі субъектілерінің өзара әрекеттесу моделін, теория мен практиканы біріктіретін кәсіби қызмет теориясын көрсетті.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова семинар материалдарын педагогтердің өзін - өзі дамыту және өздігінен білім алу үшін мектептерге жеткізу, шығармашылық топтарға қатысу, инклюзивті білім беру мәселелері бойынша әдістемелік құралдар мен бағдарламалардың авторлары-қалалық, облыстық және республикалық байқауға қатысу, әртүрлі деңгейдегі семинарларға қатысу бойынша біліктілікті арттыру туралы ұсыныстар берді. Қатысушыларды Қостанай, Көкшетау, Семей қалаларының педагогтерінің қатысуымен 2022 жылғы наурызда өтетін инклюзивті білім беру жөніндегі республикалық конференция туралы ережемен таныстырды. Семинар материалдары жұмыста әрі қарай пайдалану үшін қала мектептеріне жіберілді.