ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мектепке дейінгі ұйымдардағы әдістемелік жұмыс
17-02-2022 09:00
Мектепке дейінгі ұйымдардағы әдістемелік жұмыс

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 16 ақпанда ZOOM платформасында онлайн режимінде жас әдіскер мектебінің отырысы өткізілді.

Отырыста № 40 балабақша педагогтарының кәсіби шеберлігін арттыру, жоспарлауда әдістемелік көмек көрсету мәселелері бойынша жұмыс ұсынылды. Балабақша әдіскері Абтрахимова Танзиля Рафаиловна «Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша әдіскер жұмысының тиімді түрі ретінде жоспарлау» тақырыбында сөз сөйледі. Мектепке дейінгі ұйымдардағы әдістемелік жұмыс, педагогикалық шеберлікті арттыру және кәсіби өсу үшін жағдай жасау, педагогтердің шығармашылық әлеуетін жетілдіру мәселелері қаралды және талқыланды.

Отырыста қатысушыларға сауалнама жүргізу, бақылау-талдау қызметін жүргізу, тәрбиеленушілердің білім, білік және дағды нәтижелері, педагогтердің ғылыми-әдістемелік шығармашылық деңгейін арттыру, «Шығармашылық топты», «Инновациялық қызмет бойынша жұмыс тобын», «Тәлімгерлік мектебін» қалыптастыру арқылы педагогикалық шеберлікті анықтау бойынша әдістемелік жұмыс жоспары ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруды жоспарлау, курстық даярлау, аттестаттау, жеке жұмыс, инновациялық қызмет, біліктілік санатына сәйкес жұмыс тәжірибесін ұсыну бойынша ұсынымдар ұсынылды.