ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагог-психологтармен әдістемелік жұмыс
18-02-2022 10:13
Педагог-психологтармен әдістемелік жұмыс

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Тәрбие алаңы» жобалық офисімен бірлесіп «Аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім оқушылармен жұмыстың топтық және жеке техникасы» тақырыбында онлайн семинар өткізді. Мақсаты - аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім оқушылармен жұмыс жасауда педагог-психологтарға әдістемелік көмек көрсету. Қаланың 42 жалпы білім беретін қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептерінен 60-тан астам педагог-психолог қатысты.

Семинарда педагог-психологтарды І республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ережесімен таныстырды, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова тәжірибелі психологтарға белсенді қатысуға кеңес берді. Карпова Ирина Владимировна, № 26 ЖОМ педагог-зерттеушісі, психолог, педагог-психологтардың қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, педагог-психологтардың кәсіби өсуі және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша сөз сөйледі, аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім оқушылармен профилактикалық жұмыстың негізгі бағыттарына баса назар аударды.

Семинар жұмысына «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесінің психологы Шамсутдинова Валентина Юрьевна және № 17 ЖОМ педагог-психологы Овчарова Лиана Сергеевна қатысты. Олар «тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс алгоритмдері туралы түсінік беріп, түзету жұмыстары бойынша практикалық жаттығулар өткізді. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің теориялық аспектілеріне тоқталып, практикалық ұсынымдар беріп, жұмыс тәжірибесінен мысалдар келтірді. № 17 ЖОМ педагог-психологы балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқын психологиялық-педагогикалық түзету компоненттерімен таныстырды, оқушылармен жұмыстың топтық және жеке техникаларын енгізу реттілігіне назар аударды.

Семинарда стрессті жағдайларды теңестіру, эмоционалды стрессті жеңілдету, проблемалық жағдайларды шешу, тесттерді жазу кезінде пайдалану, көпшілік алдында сөйлеу, жаңа ақпаратты игеру, есте сақтауды дамыту үшін «Оң нүктелер» кинесиологиялық жаттығуы ұсынылды. «Ресурстық күй» жаттығуы себепсіз мазасыздықты, стрессті, физикалық шаршауды жеңу және психикалық тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін ұсынылады. Агрессиядан құтылу, мінез-құлықты бақылауды жүзеге асыру үшін «Трасформер» жаттығуы ұсынылады. Жеке тұлғаны қабылдаумен жұмыс істеу үшін қадамдық нұсқаулықтар зерттелді.

Семинар қатысушыларына әдістемелік ұсынымдар, практикалық ойындар мен жаттығулар, дамытушы тапсырмалар берілді. Педагог-психологтардың жұмыс тәжірибесі педагогтар арасында кеңінен қолдануға және таратуға ұсынылған. Семинар материалдары мектептерге жіберілді.