ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«PECS» коммуникацияны оқытудың баламалы жүйесінің бағдарламасын іске асыру
21-02-2022 10:57
«PECS» коммуникацияны оқытудың баламалы жүйесінің бағдарламасын іске асыру

Павлодар қаласының білім беру бөлімі № 6 ЖОМ инклюзияны қолдау кабинетімен бірлесіп «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық қолдаудың әдіснамалық негіздері және инклюзивті жалпы білім беру кеңістігіндегі педагог-ассистенттердің өзара іс-қимылы» атты оқыту семинарын өткізді. Мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша семинар ZOOM платформасында онлайн форматта өтті. Мақсаты -  «PECS» коммуникацияны оқытудың баламалы жүйесі» бағдарламасын зерттеу және жүзеге асыру. № 6, 25 ЖОМ инклюзияны қолдау кабинетінің әдіскерлері, дефектологтары, Қ. Мақпалеев атындағы (2), Б. Момышұлы атындағы, М. Әуезов атындағы, № 6 (12), 7 (2), 11, 18, 33, 34, 35, 38, 40, 43 мектептің педагог-ассистенттері қатысты

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова «PECS» коммуникацияны оқытудың баламалы жүйесі» бағдарламасын жүзеге асыруда педагог-ассистенттердің қызметін ұйымдастыру және әдістемелік сүйемелдеу мәселелеріне тоқталып, І республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ережесімен таныстырды. Семинар қатысушыларына инклюзияны қолдау кабинетінің, психологиялық-педагогикалық қызметтің ерекше білім беруді қажет ететін балалармен практикалық жұмыс тәжірибесі ұсынылды.

Бейсембекова Мадина Ерсінқызы «Мінез-құлықтың қолданбалы талдауының тарихы мен дамуы» интерактивті презентациясын ұсынды, Мұстафина Диляра Иратқызы «Әлеуметтік әңгімелер» тақырыбында сөз сөйледі, педагог-ассистент Тюлюбай Эльмира Олеговна «Аутизмі бар балаларға арналған АВА бағдарламасы» мәселесіне тоқталды. Уәли Камиля Маратқызы «Қолданбалы мінез-құлық талдауын қолдану арқылы практикалық тренингтер», Медева Мадина Рамазанқызы, педагог-ассистент «Қолданбалы мінез-құлық талдауының негіздері», Шорохова Марина Вячеславовна  «Қолданбалы мінез-құлық талдауын функционалды талдау және күшейту әдістері», Әділханова Мейрамгүл Қайыркенқызы «Инклюзивті оқыту кабинеті», Шакирова Динара Маратқызы «Мінез-құлық бағдарламаларына жетекшілік ету» тақырыптарында сөз сөйледі.

Мамандар мен пән мұғалімдерінің бірлескен жұмысы, аутистік спектрдің бұзылуы бар оқушылардың қажеттіліктеріне бағалау жүргізу, қолданбалы мінез-құлық араласуларын жоспарлау, деректерді жинау және талдау, аутистік спектрдің бұзылуы бар оқушылардың үлгерімін бақылау туралы мәселелер талқыланды. Практикалық мысалдар келтірілді.

Бұдан әрі жоғары оқу орындарының ғалымдарымен бірлесіп, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және әлеуметтендіру сапасын арттыру мәселелері бойынша кабинет мамандарымен ынтымақтастық пен жұмыс тәжірибесімен алмасуды жалғастыру жоспарлануда. Семинар материалдары педагог-ассистенттердің жұмыста пайдалануы үшін қала мектептеріне жіберілді.