ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
01-03-2022 11:01
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Ақпан айында қала мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдері семинарларда оқу, жазу, тыңдау және сөйлеу сияқты тілдік қызмет түрлері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелерін талқылады. № 16, 21 мектептердің әдістемелік бірлестіктерінің ағылшын тілі мұғалімдері «Ағылшын тілі» пәнінің жаңартылған бағдарламалары шеңберінде жинақталған жұмыс тәжірибесінің презентациясымен және саналы оқу, тыңдау және сөйлеу дағдыларын қалыптастырумен таныстырды. Семинарларға 50-ден астам мұғалім қатысты.

Семинарда мұғалімдер ағылшын тіліндегі мәтіндермен жұмыс істеудің жаңа тәсілдері және әдістерімен, оқудың анағұрлым өнімді стратегияларымен, оқу дағдыларын дамытуға ықпал ететін тиімді тапсырмаларды іріктеу бойынша жұмыстармен таныса алды. № 21 мектеп мұғалімдері Жумабекова Нина Тимофеевна, Буцыгина Наталья Вячеславовна, Магжанова Айгүл Оразқызы, Ахметова Алтын Шайғапбасқызы оқу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың белсенді тәсілдерімен бөлісті.

№ 16 лицей-мектебінің мұғалімдері Қайыржанова Айтолқын Серікқызы, Жұмжұманова Рахима Серікқызы, Сембаева Мадина Қайратқызы, Аралова Самал Ғалымжанқызы өз тұсаукесерлерінде тыңдалым, оқылым, айтылым дағдыларын дамыту үшін пайдаланылатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ұсынды. Ағылшын тілі сабақтарында мәтіндерді оқу, интернет-ресурстарды пайдалана отырып мәтін бойынша әртүрлі тапсырмаларды орындау, аудиотекстерді тыңдау, олардың негізінде монологтар, диалогтар жасау арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру, оқушылар жасаған бағдарламалық материалдың түрлі тақырыптарына бейнероликтерді, ағылшын тіліндегі шағын кітапшаларды ұсынды. «Оқитын мектеп - табысты мектеп» жобасын жүзеге асыру бойынша пікір-сайыс клубының ағылшын тіліндегі жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Кері байланыс барысында семинарға қатысушылар сұрақтар қойып, талқыланған тақырыптар бойынша пікір алмасты, ұсыныстар берді.