ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Экологиялық байқаудағы жеңіс
15-03-2022 08:14
Экологиялық байқаудағы жеңіс

2022 жылғы 7 - 28 ақпан аралығында Көкшетау қаласында «T&T Company» жеке ұйымы Қазақстанның солтүстік өңірі мектептері арасында «Мен жылу сыйлаймын» аймақтық экологиялық байқауын ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты қоршаған ортаны қорғау және сақтау мәселелеріне назар аудару, балалардың, жасөспірімдер мен жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру болды.

Байқаудың шарттары бойынша қатысушылар тамақтандыратын астаушаны немесе құс үйін жасап, жасау процесін бейнеге кезең-кезеңімен түсіруі керек еді. Павлодар қаласының инновациялық үлгідегі № 34 ЖОМ 5 сынып оқушысы Ермұхаметов Руслан өте шығармашыл тұлға, өз қолымен бұйымдар жасағанды ұнатады, ағаштан қызықты бұйымдар жасайды. Байқау туралы біліп, үлкен ықыласпен қатысуға шешім қабылдады. Ұзақ ойланбастан, ол қауырсынды достарына арналған тамақ салатын астаушаның макетін жасай бастады. Байқауда  Руслан өз астаушасын таныстырып, I орынды иеленіп, I дәрежелі дипломмен марапатталды.

- Мен құстарды өте жақсы көремін. Бұл кішкентай тіршілік иелері бізге қуаныш сыйлайды, біз оларға қамқорлық жасап, көмектесуіміз керек. Менің тамақтандырушы астаушам басқа балаларға үлгі болады деп үміттенемін, олар да құстарға сондай астауша жасап, көмектеседі, - дейді байқау жеңімпазы.

Руслан өзін жан-жақты тұлға ретінде көрсетуге тырысады. Бала өз қолымен қолөнер жасағанды ұнатады, спортпен белсенді айналысады. Бүгінгі таңда ол өзінің жас санатында «Юник» балалар футбол клубының жетекші ойыншыларының бірі болып табылады.

Жоба жетекшісі Жақыпов Жәнібек Мұхамедұлы, мектептің көркем еңбек мұғалімі балаларды шығармашылық қызметке тарту керек, ал шығармашылық өнімдері пайдалы болуы керек және тек өздеріне ғана емес, айналасындағыларға да қуаныш әкелуі керек деп санайды.

Мектептің педагогикалық ұжымы оқушылардың экологиялық ойлауын және экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша көп жыл белсенді жұмыс жүргізуде. 1995 жылдан бастап мектеп «Экомектеп - Қазақстан» республикалық ассоциациясының мүшесі болып табылады. 2006 жылы халықаралық «ШПИРЭ» жобасына қатысқаны үшін мектепке жасыл ту табысталып, «Экологиялық әрекет мектебі» атағы берілді. Біздің оқушылар мен педагогтер түрлі экологиялық жобалар мен байқауларға белсенді қатысады. Дәстүр бойынша, оқушылар тамақтандырғыштар жасап, оларды мектеп аумағына іліп қояды, көп ұзамай көктем келеді мектеп оқушылары мектеп ауласын безендірудің макетін ойлап табады, құстар үйін жасайды. Экологиялық талғамның қалыптасуы сұлулықты қабылдаумен және табиғатты сақтауға жауапкершілікті тәрбиелеумен тығыз байланысты.