ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Оқуға құштар мектеп» жобасы дамуын жалғастыруда
30-03-2022 09:13
«Оқуға құштар мектеп» жобасы дамуын жалғастыруда

Көктемгі демалыс аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті М. Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектепте қала мектептері басшыларының орынбасарларына «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асырудың тәжірибесі, мәселелері, жолдары»  тақырыбында семинар өткізді. Жоба ағымдағы оқу жылында қаланың барлық жалпы білім беретін мектептерінде іске қосылды.

Кезекті семинарда № 2, № 16 лицей-мектебі, және М. Әлімбаев атындағы пилоттық мектеп басшыларының орынбасарлары өз тәжірибелерімен бөлісті. № 2 мектеп басшысының орынбасары Жаменкенова Гүлжан Шайхесламқызы және № 16 лицей-мектебінің орынбасары Медеуова Сәуле Әбілхаирқызы өз сөздерінде оқушылар ұжымымен, ата-аналармен, мұғалімдермен жұмыстың тиімді түрлеріне және жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелілігіне мониторинг жүргізу мәселелеріне тоқталды. Алғашқы нәтижелерді талдау мектеп кітапханалары арқылы балаларды оқумен қамту динамикасын, балалар мен ата-аналардың оқуға деген қызығушылығының артуын, барлық пәндік сабақтарда күнделікті 5 минуттық оқуды енгізу және арнайы курстарды енгізу арқылы оқу техникасының жақсарғанын көрсетті. Жоба мұғалімдерге оқушылардың оқу ортасында Padlet, Google интернет-ресурстары арқылы оқу, көркем әдебиетті насихаттауға, оқылғанды талқылау мақсатында балалардың қарым-қатынасының клубтық түрлерін енгізуге мүмкіндік берді.

«Оқу өзін-өзі жүзеге асыру тәсілі ретінде» (1 - 11 сыныптар) жобасының бағытын М. Әлімбаев атындағы мектеп басшысының орынбасары Бахатхан Оразбек және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Бойченко Светлана Анатольевна көрсетті. Осы мақсатта мектеп «Ең талантты оқырман - 2022» байқауын үшінші тоқсан ішінде үш кезеңмен бастады. 5 - 11 сынып оқушыларына Б.Момышұлының «Біздің отбасымыз» кітабын оқып, «Отбасы мен үшін нені білдіреді» атты эссе байқауына қатысу ұсынылды. 2-ші кезеңде шығарма мәтіні бойынша тестілеуден өту керек болды. 3-ші кезеңде 300-ден астам оқушы қатысып, шешендік өнер байқауында үздіктер анықталды. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша 3 жеңімпаз бағалы сыйлықтарға ие болды.

Мектеп бойынша экскурсия барысында мектеп кітапханашысы Алкенова Тәттігүл Кенесбайқызы жоба аясында НЗМ, Павлодар мемлекеттік университетімен, қаланың балалар кітапханасымен ынтымақтастық және бірлескен іс-шаралар туралы, балаларды оқуға тартудағы кітапхананың рөлі туралы айтып берді. Мектеп мұражайында қойылған экспозициялар да қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Оқуды насихаттау мақсатында мектептерде мектеп кітапханалары, буккроссинг бұрыштары, «қоңырауда оқу», «сыныптағы, мектептегі оқуға арналған сөрелер» белсенді қолданылады. Ұжымдар сыныптан тыс оқуды ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді табуда - оқырмандардың тақырыптық байқауларда, оқылған шығармалар бойынша шағын спектакльдер қою, акциялар, дебаттар, викториналар, «Кітап сыйлау күндері» өткізіледі.

Оқу функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мектептерде «Мәтінмен жұмыс», «Оқудың функционалдық сауаттылығын дамыту», «Эссе оқушылардың сөйлеу тілін дамыту формасы ретінде» арнайы курстар өткізіледі. Мектеп мұғалімдері сабақтарда 5 минуттық оқу өткізу, мониторинг жүргізу, білім алушылар мен ата-аналарды оқуға тартудың қызықты нысандары үшін пәндер бойынша белгілі бір материал әзірледі.

Қала мектептерінің жұмыс тәжірибесі, мұғалімдердің жұмыс тәжірибесінен әдістемелік-дидактикалық құралдар тамыз педагогикалық оқуларында ұсынылады.