Павлодарда қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін 16 пән - қазақ тілі мен әдебиеті, орыс мектептеріндегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ мектептеріндегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, өзін-өзі тану, жаратылыстану-математикалық бағыттары: биология, физика, география, математика, информатика, химия бойынша 9 - 11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды. Олимпиада 2022 жылғы 28 - 29 наурыз аралығында дарынды балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-интернатында және Павлодар қаласының № 35 ЖОМ өтті.
Олимпиадаға 644 оқушы, қалалық және аудандық олимпиадалардың жеңімпаздары, оның ішінде Павлодар қаласының 19 жалпы білім беретін мектептерінің 45 оқушылары қатысты. Олимпиада прокторингті қолдана отырып Оqylyq платформасында электрондық форматта - 1 компьютер - 1 оқушы - 1 камера және трансляциясы бар жалпы аудитория камерасымен өткізілді.
Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының командасы тағы да облыс қалалары командалары арасында «Үздік олимпиадалық команда - 2022» атанды. Айта кету керек, павлодарлық оқушылар он жылдан астам уақыт бойы облыстың үздік командасы болып келеді.
Жүлделі орындарға 45 қатысушыдан 31 оқушы ие болды - І орынды 5 оқушы, ІІ орынды - 14 оқушы, ІІІ орынды - 12 оқушы алды. Олар облыстық білім беру басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Республикалық олимпиадаға қатысу туралы ережеге сәйкес облыстық команда құрамына I, II орын алған оқушылар кіреді.
Облыс намысын республикалық деңгейде физика пәні бойынша № 7 мектептің 11 сынып оқушысы Артықбай Ернар, биология пәні бойынша № 39 мектептің 9 сынып оқушысы Қасымов Рамиль, № 34 мектептің 11 сынып оқушысы Березина Дарья, география пәні бойынша № 25 мектептің 11 сынып оқушысы Әбілхан Әлімхан, мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде-Ахмолдина Ксения, № 21 мектептің 10 сынып оқушысы, неміс тілінде - Гаас Алекс, М. Әлімбаева атындағы мектептің 11 сынып оқушысы, құқық негіздері - Нұрболат Аружан, № 37 мектептің 10 сынып оқушысы, Борецкий Богдан, № 11 мектептің 11 сынып оқушысы, Қазақстан тарихы - Сейтхазин Алмаз, № 2 мектептің 11 сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті - Вакулина Диана, № 39 мектептің 11 сынып оқушысы облыстың құрама командасын қорғайтын болады. Сонымен, Вакулина Диана, Борецкий Богдан республикадағы облыстық команда құрамында екінші рет өнер көрсетеді. Өткен жылы олар жалпы білім беретін пәндер бойынша 59-шы республикалық олимпиадада қола медальға ие болды.
Оқушылардың республикалық олимпиадасы дарынды балаларды анықтау мен дамытудың, оқушылардың ғылыми білімге деген қызығушылығын арттырудың тиімді нысандарының бірі болып табылады.


