ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылармен білімдегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмыс
04-04-2022 09:44
Оқушылармен білімдегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмыс

Көктемгі демалыс кезінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды толтыру бойынша жұмыс» тақырыбында онлайн форматта семинар өткізді. Жалпы білім беретін мектептердің 70-тен астам ағылшын тілі мұғалімдері қатысты.

Семинарда қатысушыларға № 28 мектептің ағылшын тілі мұғалімі өз тәжірибесін ұсынды. Мектепте оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру, 9, 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау шеңберінде қажетті бағдарламалық тақырыптарды қайталау бойынша белгілі бір жұмыс тәжірибесі жинақталған. Мұғалімдер «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, каникул кезеңінде жазғы мектепті ұйымдастыруда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану туралы атқарымдарды ұсынды.

Мұғалімдер Сандыбаева Назым Жаслановна, Мантыкова Мадина Сахтевна, Раисова Айнель Данияровна 2 - 11 сыныптарда ағылшын тілі грамматикасындағы олқылықтарды интернет сайттарды, ойын ресурстарын, тестілерді пайдалана отырып толтыру бойынша практикалық жұмыстың әдістері мен әдістемелерімен бөлісті. Мұғалім Ибатова Айнур Жексембиновна «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында оқу, сабақта ауызекі сөйлеу техникасын дамытуда, электронды кітапхананың көмегімен оқушылармен өз бетінше жұмыс жасау кезінде, сабақта 5 минуттық оқулар, таңдау бойынша балалар кітаптарын оқу, сыныптан тыс іс-шараларды ағылшын тілінде өткізу мүмкіндіктерін көрсетті.

Жазғы мектепті ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен жұмыстың қызықты түрлерін мұғалім Ольга Владимировна Ефименко өз презентациясында көрсетті-бұл тірек грамматикалық кестелер, онлайн-тренажерлер, ойындар, тікелей оқыту презентациялары, балалардың тіл үйренуге деген практикалық дағдылары мен қызығушылықтарын дамытуға ықпал ететін грамматикалық құрылымдарды бекітуге арналған контекстпен жұмыс.

Мұғалім Наталья Владимировна Боровик өзінің презентациясы арқылы 9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға және 11-сыныптардағы  мемлекеттік емтихандарға дайындықтың белсенді нысандары мен тәсілдерін көрсетті. Ол оқушыларға қиындық тудыратын тақырыптарды бөліп көрсетті, тыңдау және сөйлеу мақсаттарын қайталауға тоқталды, сабақта алған білімдерін бекіту, қайталау, қосымша сабақтарда, кеңес, оқушылардың өзіндік жұмысында қолданылатын виртуалды қосымшалармен бөлісті.

Семинар қорытындысы бойынша мұғалімдерге оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру, оқылғанды қайталау мен бекітуді ұйымдастыру бойынша жұмысты одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар берілді.