ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің бірыңғай әдістемелік күні
06-04-2022 09:30
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің бірыңғай әдістемелік күні

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті қаланың жалпы білім беретін мектептерінің жаратылыстану - математика бағытындағы (физика, химия, биология, география) педагогтеріне арналған «Оқу пәнінің фокусында» атты бірыңғай әдістемелік күнді өткізді. Мақсаты - жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру жөніндегі педагогикалық жұмыс тәжірибесімен алмасу.

Фокус-топтарда семинарға қатысушылармен «Оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау, оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жаратылыстану-математикалық бағытындағы сабақтардағы жұмыстың белсенді түрлері» атты өз істерімен бөлісті. Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша 3 тоқсанда Қ. Бекхожина атындағы, №19, 30, 38 мектептердің мемлекеттік тілде оқытатын мұғалімдері география пәнімен, физика бойынша - № 37, 40 мектептер, химия бойынша - № 11, 33, 35, биология бойынша - №1, 17, 29, 35, Кенжекөл ЖОМ, география пәні бойынша орыс тілінде оқыту - Қ. Макпалеев атындағы, № 18, 26, 27, 30, физика бойынша - № 6, 29, химия бойынша - № 14, 43, биология бойынша - № 18, 39 мектептер бөлісті.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Н. С.Сабитова оқу жылын аяқтау мәселелері бойынша нормативтік базамен таныстырды. Семинарға қатысушылармен қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша жұмыс алгоритмі, 9, 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу нысандары мен тәртібі талқыланды.

Қатысушылармен қиын тақырыптарды зерттеу және оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды тиімді толтыру, оқытудың тиімді нысандары, әдістері мен құралдары, олқылықтарды жою бойынша фокус-жоспарларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді. Тапсырмалар слайдтары, ұсынымдары бар буклеттер, пәндер бойынша деректер банкі құрылды.