ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
КВН мектебінің жұмысы жалғасуда
12-04-2022 09:10
КВН мектебінің жұмысы жалғасуда

КВН мектебінің жұмыс жоспары шеңберінде «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубымен бірлесіп 2022 жылғы 8 сәуірде № 37 ЖОМ  «Маусымашар - 2022»  қалалық фестивалін өткізді. № 1, 17, 19, 24, 33, 35, 37, Кенжекөл, Қ. Бекхожин, Б. Момышұлы атындағы Павлодар қаласының  мемлекеттік тілде оқитын мектептерінен 10 команда және Екібастұз қаласынан 4 команда қатысты. Мақсаты - жастар арасында ең танымал жанрдың үздік дәстүрлерін, көркемөнерпаздар шығармашылығын дамыту, қызығушылықтар бойынша бос уақытын  қамтудың жаңа түрлерін жетілдіру.

Байқау шарты бойынша командалар КВН маусымының ашылуының ауыспалы кубогы үшін театрализация, музыкалық шешім, әртістік, шешендік  және тапқырлық, костюмдер, сахналық және сөйлеу мәдениетінің  критерийлері бойынша жарысты.

Фестиваль қорытындысы бойынша КВН ауыспалы кубогы екібастұздықтарға бұйырды, барлық қатысушы командалар «Павлодар дарыны» орталығының дипломдарымен марапатталды. Алдағы уақытта мектеп командаларының қатысуымен іріктеу турнирлері 2022 жылдың сәуір, мамыр айларында өтеді.