ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Заманауи инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің жетістіктерін ынталандыру
13-04-2022 09:43
Заманауи инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің жетістіктерін ынталандыру

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Инклюзивті білім берудегі психологиялық-педагогикалық қызметтің инновациялық әдіснамалық құралдары» пилоттық жобасы аясында «Заманауи инклюзивті білім беру жағдайындағы педагог-кәсіпқой. Педагогтер мен білім алушылардың жетістіктерінің мотивациясын дамыту технологиялары» атты ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинарды Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Инновациялық Еуразия университетімен бірлесіп ZOOM платформасында онлайн режимінде өткізді. Павлодар қаласының білім беру бөлімінің 100-ден астам өкілдері, университеттің профессорлар-оқытушылар құрамы, мектеп директорларының орынбасарлары, пән мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері, логопед мұғалімдер, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің педагог-ассистенттері қатысты.

Семинарда Қайырбекова Бағжанат Дындарбекқызы, педагогика ғылымдарының докторы, «Педагогика және психология» магистратурасының жетекшісі, психология, тарих, география бойынша білім беру бағдарламаларының авторы, университеттің қауымдастырылған профессоры «Заманауи инклюзивті білім беру жағдайында педагог-кәсіпқой. Педагогтер мен білім алушылардың жетістіктерінің мотивациясын дамыту технологиялары» тақырыбында инклюзивті білім берудегі психологиялық-педагогикалық қызметтің әдістемелік құралдары, оқушылардың, педагогтердің инновациялық қабілеттерін дамытудың әдістері мен модельдері туралы түсінік берді. Өңірдің негізгі субъектілерінің өзара іс-қимыл моделін, кәсіптік қызметтегі типтік қиындықтар базасын қалыптастыру мәселелерінде теория мен практиканы үйлестіретін кәсіби қызмет теориясын көрсетті.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова мектептерге материалдарды жеткізу, шығармашылық топтар педагогтерінің және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша әдістемелік құралдар мен бағдарламалар авторларының қалалық, облыстық және республикалық байқауларға, семинарларға, әртүрлі деңгейдегі конференцияларға қатысуы туралы ұсыныс жасады. Қатысушыларды «Арнайы және инклюзивті білім берудің үздік оқу-әдістемелік құралы» қалалық байқауы туралы ережемен таныстырды. Семинар материалдары жұмыста әрі қарай пайдалану үшін қала мектептеріне жіберілді.