Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінде 2022 жылғы 27 мамыр болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары үшін «Ашық есік» күні болып жарияланды. Мақсаты - мектептің қызметі туралы презентация, 1 сыныпқа балаларды қабылдау ережелері бойынша ата-аналарға кеңес беру, болашақ бірінші сынып оқушыларын мектепке дайындауға арналған топтардың жұмысы туралы.
Алдағы жаңа оқу жылында бірінші сынып оқушыларын мектепке қабылдау шамамен 6 мыңды құрайды. Бүгінгі күні 3 мыңнан астам өтініш қаралды, оның ішінде 400-ден астам бала қазақ сыныптарына қабылданды.
Балаларды мектептегі оқу жағдайларына бейімдеу үшін жағдай жасау мақсатында мектептерде болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған 85 дайындық топтары өз жұмыстарын жүргізуде. Дайындық курстарына 970 бала қатысады, оның ішінде 546 қазақ тобы.
Естеріңізге сала кетейік, білім беру ұйымдарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. Құжаттарды қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады. Ата-аналардың өтініштерін қабылдау eGOV порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, мектептер 6 жастан бастап балаларды және 2022 жылы 6 жасқа толатын балаларды қабылдауды қамтамасыз ететінін еске саламыз.
3 бала өз аумағынан және 1 бала басқа аумақтан қабылданатын қағидат осы жылы да сақталады. Балалар тұратын аумақтағы мектептер басымдыққа ие.
EGOV порталы арқылы бірінші сыныпқа өтініш беру үшін 3 құжат қажет: баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны), егпе паспорты (063/у нысаны), көлемі 3х4 фотосурет.