ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» Павлодар қаласы білім қызметкерлерінің тамыз конференциясы
27-08-2022 17:36
«Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» Павлодар қаласы білім қызметкерлерінің тамыз конференциясы

   Жаңа 2022 - 2023 оқу жылына дайындық аясында қаланың білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлерінің тамыз форумы өткізілді. Конференцияның тақырыбы:«Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет».

  Бұл форумның пленарлық бөлігі, оның қарсаңында 2500-ден астам педагог қатысқан мектеп, мектепке дейінгі мекемелер және қосымша білім беру мекемелері қызметкерлерінің интерактивті алаңдары өтті.

  Конференция жұмысына қала әкімі Байханов Асайын Қуандықұлы, Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Айтқазина Самал Оспанқызы қатысты. Конференцияның құрметті қонақтары - педагогикалық еңбек ардагерлері.

  Конференцияның пленарлық бөлімі панельдік сессия форматында өтті. Конференцияның екінші бөлімінде педагогикалық қызметкерлерді марапаттау болды. Жаңа оқу жылы қарсаңында 40-тан астам мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері, қосымша білім беру мекемелерінің педагогтері, мекеме басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің наградаларына, облыстық білім басқармасының, Қала әкімінің грамоталарына ие болды. Олардың ішінде еңбек қызметі қаланың құрылуымен тығыз байланысты, оның дамуына баға жетпес үлес қосқан ардагерлер Бихиенова Қадиша Мамляновна, Ершова Анна Анатольевна қаланың «Алтын есімдер» кітабына енгізілді; Ашжанов Тұрғанбек Жақыпұлы, Шатун Валентина Сергеевна ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

  Адал еңбегі үшін №36 жалпы орта білім беретін мектептің шет тілі мұғалімі Демеуова Қорлан Қабдоллақызы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің құрмет дипломдарын, грамоталарымен және Алғыс хаттарымен 10 мұғалім, тәрбиешілер, қосымша білім беру педагогтері марапатталды.

  Республикалық тамыз форумында №16 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Жақсылыкова Жанар «Құрметті қызметкер» төсбелгісіне ие болды.