Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне арналған қалалық семинары
07-09-2022 18:12
Мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне арналған қалалық семинары

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес 2022 жылғы 7 қыркүйекте «Павлодар қаласының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында тәрбие-білім беру үдерісінің басталуы бойынша нұсқаулық-әдістемелік хат пен нормативтік-құқықтық базаны түсіндіру бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін нұсқаулық» тақырыбында  семинар өтті.

Теориялық бөлікте Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Н. Қ. Нұрғалиева мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие-білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістермен таныстырды.

№ 4, 6, 7, 11, 29, 96 сәбилер-бақшасы әдіскерлерінің шығармашылық тобы тәрбие-білім беру үдерісінің циклограмма құрылымын, ұйымдастырылған қызметтің перспективалық жоспарын жасау жұмыстарын жүргізді, № 11 сәбилер-балабақшасының әдіскері Н. Н. Шилова семинарға қатысушымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспарлау құрылымын ұсынды, № 96 сәбилер-балабақшасының әдіскері Н. А. Бессонова - тәрбие-білім беру үдерісінің циклограммасын ұсынды, № 29 сәбилер-балабақшасының әдіскері А. Г. Терешкина мектепке дейінгі ұйымдар мамандары қызметінің циклограммасын құрастыруға нақты тоқталды: қазақ тілі мұғалімі, музыкалық жетекші, дене шынықтыру, жүзу нұсқаушысы.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға тәрбие-білім беру үдерісінде одан әрі пайдалану үшін циклограммалар мен перспективалық жоспарлау үлгілері ұсынылды және мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің жоспарлы қызметі бойынша қорытынды шығарылды.