Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес 2022 жылғы 7 қыркүйекте «Павлодар қаласының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында тәрбие-білім беру үдерісінің басталуы бойынша нұсқаулық-әдістемелік хат пен нормативтік-құқықтық базаны түсіндіру бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін нұсқаулық» тақырыбында семинар өтті.
Теориялық бөлікте Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Н. Қ. Нұрғалиева мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие-білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістермен таныстырды.
№ 4, 6, 7, 11, 29, 96 сәбилер-бақшасы әдіскерлерінің шығармашылық тобы тәрбие-білім беру үдерісінің циклограмма құрылымын, ұйымдастырылған қызметтің перспективалық жоспарын жасау жұмыстарын жүргізді, № 11 сәбилер-балабақшасының әдіскері Н. Н. Шилова семинарға қатысушымен ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспарлау құрылымын ұсынды, № 96 сәбилер-балабақшасының әдіскері Н. А. Бессонова - тәрбие-білім беру үдерісінің циклограммасын ұсынды, № 29 сәбилер-балабақшасының әдіскері А. Г. Терешкина мектепке дейінгі ұйымдар мамандары қызметінің циклограммасын құрастыруға нақты тоқталды: қазақ тілі мұғалімі, музыкалық жетекші, дене шынықтыру, жүзу нұсқаушысы.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға тәрбие-білім беру үдерісінде одан әрі пайдалану үшін циклограммалар мен перспективалық жоспарлау үлгілері ұсынылды және мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің жоспарлы қызметі бойынша қорытынды шығарылды.


