Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мектеп жасына дейінгі балалар жол қозғалысы ережелерін үйренуді
23-09-2022 10:02
Мектеп жасына дейінгі балалар жол қозғалысы ережелерін үйренуді

Бір апта бойы Павлодар қаласының № 46 балабақшасында «Жол ережесін сақтаймыз» атты іс-шаралар өткізілуді. Мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың жол қозғалысы ережелерін білуі және меңгеруі, практикалық дағдыларды үйрету.

Жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр топта эстафеталық жарыстар, ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді, буклеттер таратылды.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмысына жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері, жол полициясының аға инспекторы Айбек Рақышев және ювеналды полицияның аға инспекторы Арай Төлемісова қатысты. Ойын түрінде балаларға бағдаршам, түстер, жол белгілері, жаяу жүргіншілер өткелінің ережелері туралы түсініктемелер берілді. Балабақшаның балалары жолдағы қауіпсіздік ережелері туралы жақсы білімдерін көрсетті, жол белгілерін өздері дайындады. Сыйлық ретінде кеңсе керек-жарақтары табысталды.

- Мұндай бірлескен іс-шаралар, әрине, оң нәтиже береді. Іс-шараға жоғары топ тәрбиешісі Жанат Назерке, мектепалды топ тәрбиешісі Индира Тапбаева да қатысты, - дейді балабақшаның басшысы Диана Гарифуллина.