Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЛИЖАН БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ
07-10-2022 09:55
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЛИЖАН БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ

Күнсұлу Манапқызы Сыздыкова

 

Бастауыш сынып  мұғалімі

 

 «Шульте кестесі»

 

            Жылдам оқу -  ол әдеттегіге қарағанда тезірек оқу емес. Жылдам оқу  - оқығанды түсіну, есте сақтау. Жылдам оқу дағдысын үйрене, сіз миыңызды дамытуға түрлі жаттығулар жасап, ойлау қабілетіңізді дамытасыз. Тек оқу барысында ғана емес, күнделікті өмірде, жұмыста кез келген мәселенің шешімін тез тауып, тез ойлануды үйренесіз.

          Оқу-ойлау мен ақыл ой дамуының, қайнар көзі. «Оқуды тоқтатқан адам, ойлауды тоқтатады», - дейді Дени Дидро.

          Сол себепті де бастауыш сыныпта оқушылардың оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру маңызды міндеттің бірі. Оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру мынадай талаптардан туындайды:

1.Оқу техникасы (дұрыс, тез қабылдау және сөздерді дыбыстау).

2.Мәтін мазмұнын түсіну (негізгі ойды, мазмұнын ажырату).

          Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені оқу техникасы жетілдірмей – түсіну, дұрыс оқу жүзеге аспайды. Дегенмен оқушының оқу жылдамдығын арттыру қиын, ал баланы толыққанды оқырман ету одан да қиынырақ екендігі бәрімізге түсінікті. Сондықтан көп жылдық тәжірибелер мен зерттеулерге сүйенсек мектеп оқушыларының аз пайызы ғана кітаппен жұмыс жасай алатынын көрсетті.

         Оқығанды түсінбеу, кітаппен жұмыс жасау жолын білмеу, міне, осы себептер оқушының сабаққа ынтасын төмендетеді. Сондықтан осы педагогикалық жобамды іске асыру мақсатында оқушылардың оқу шапшаңдығы артып, сабақта ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

           Ұсынылып отырған педагогикалық идеямда  «Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» және жалпы орта білім беретін бастауыш сыныпқа арналған оқыту бағдарламасының  негізінде бастауыш  сынып оқушыларына арнап жасалған.

        Оқушының ойын ұштап, қиялына қанат беріп, әдемілікке, әсемдікке ғана тәрбиелеп қоймайды, сонымен бірге шапшаң оқуға, тапқырлыққа, шешендікке баулиды. Сөзді дұрыс, анық айту үшін, тілді жаттықтыруға арналған түрлі тапсырмалар рөл атқарса, баланың өз бетімен ойлануы, мәтінді түсініп оқуы,баланың ой - өрісінің кеңеуі басты мақсат болып  көздеген бұл педагогикалық жобам идеясы бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдеріне жұмыс істеу үшін өте тиімді және маңызды. Бастауыш сынып мұғалімдеріне қолдануға ұсынылады.

Педагогикалық жоба идея мақсаты– дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру

Педагогикалық жоба идеяміндеттері:

  1. Оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларын байланыстырып сөйлеуге үйрету, балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, оқырмандық мәдениетке баулу, оқушының әдеби сауатын ашу;
  2. Тақырыпқа сәйкес ғылыми-теориялық әдебиеттерді зерделеу;
  3. Тиімді әдіс-тәсілдерді педагогикалық процеске бейімдеу;
  4. Оқушыларды жүйелі оқыту, оқырмандық мәдениетке баулу, көркемдік-эстетикалық талғамын арттыру;
  5. Ізгілікті, елжанды дара тұлға тәрбиелеу.

Педагогикалық жоба идея жаңалығы:Қазақ тілінде «Шульте» таблицалары құрылды

Педагогикалық жоба идея өзектілігі:

       Педагогикалық жобаны пайдалану мен меңгеру барысында: оқушылардың оқу шапшаңдықтары артып, оқу іс-әрекеті, белсенділіктері, қызығушылықтары артып топпен жұмыс істеуге үйренеді.

Нысанды анықтау -бастауыш сынып оқушылары, мұғалімдері.

Проблема: Оқушының оқу жылдамдығының төмендігі мұғалім жұмысын тежейді, оқушының оқу үлгеріміне кері әсер етеді, стандарттық талаптарға сай емес, сауатты оқуға және мәнерлі, әдемі оқуға  кері әсер еткендіктен туындаған проблема.

Туындаған проблеманы шешуге қолданылатын әдіс- тәсілдер:

Жөн сілтеу: Ұсыныс енгізу арқылы ақпарат беру. Бұл әдіс көмек берушінің нақты білімі болған жағдайда ғана тиімді.Бұл әдісті орынсыз пайдалану баланың өзіндік шешім қабылдауына кері әсерін тигізеді. Кеңес қашанда құндылықтарға емес, белгілі деректерге негізделуі керек.

Оқыту:Көмектің бұл түрі кейде мәлімет беру мен пікір таластыруға сәйкес келеді. Оқушының нені, қалай істеу білуі  мен түсінігін қалыптастырады.

Мәлімет беру: Мәлімет беру деген оқушыға өздігінше шешім қабылдауына жағдай жасап, ақпаратты ұсыныссыз,бұрмаламай беру. Сонда ғана ол өзінің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын болады. Мысалы: Қандай кітапты оқуы керек? Ол кітапты қалай оқуға болады?

Қолдау көрсету:Көмектің бұл түрі шешім қабылдаудан бұрын да шешім қабылдағаннан кейін де тиімді. Көмек беруші оқушының қасында болып қабылдаған шешімінің нәтижесін сезінуіне көмектестеседі.

Кеңес беру:Оқушының деректерді түсінуіне, оны әрі дамытуына ықпал жасайды. Көмек берушінің жауапкершілігі шешімнің мазмұнын анықтауда емес,шешімді қабылдау үрдісі кезінде өте маңызды .

Нәтижеге қол жеткізу:Шульте кестелерімен жаттығу кезінде, нақты нені жаттықтырып жатқаныңызды түсінуіңіз керек. Сіз көру қабілетіңізді жаттықтырасыз. Сондықтан мақсат әр кестені тезірек бітіру емес, жаттығуларды дұрыс орындау, яғни жоғарыда келтірілген әдістемені дұрыс орындау. Бастапқыда жаттығуларды орындау кезінде белгілі бір қиындықтар туындауы мүмкін, бірақ әр келесі кесте сайын сіз сандарды тезірек табатын боласыз. Нәтижесінде әдеттегідей сандарды көз қимылымен іздеуден қарағанда тез табатыныңызды аңғарасыз. Шульте кестелерінің басты мақсаты да осы.

Жаттығуларды орындау тәртібі.Ауқымды көру, сонымен қатар көзбен іздеу қабілеті сандарды дұрыс іздеу кезінде ғана емес, сонымен қатар жаттығуды жүйелі түрде жасау арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан Шульте кестелерімен 2-3 апта бойы аптасына 20-30 минуттан кем дегенде 3-4 рет жұмыс істеу қажет. Егер жаттығу кезінде көздеріңіз талып кететін болса, онда кішігірім үзіліс жасау керек немесе келесі күні жалғастырыңыз.

Шульте кестесі бойынша бірнеше шығармашылық тапсырмалар орындауға болады.

1. Цифрларды өсу ретімен тауып, атау.

2. Кему ретін атау.

3. Тақ және жұп сандарды өсу және кему ретімен атау.

4. Цифрларды кезектесіп санау. 1, 3, 5, 7…(жұптасып) 2, 4, 6, 8…

Қазақша Шульте кестесі менің педагогикалық идеямның жаңалығы 

Жалпы жылдам оқуда тек орыс тіліндегі Шульте кестесін осы уақыттар аралығында пайдалалған болатынбыз. Ал бүгінгі пед жаңалығым өзімнің озық жылдар бойы тәжірбиемнен қазақ тіліндегі әріптерден Шульте кестесін жасап шықтым.