Павлодар қаласының «Мерей» білім беру-дамыту орталығы - № 29 сәбилер бақшасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін «Өзін-өзі тәрбиелеу бойынша өзіндік жұмысты жетілдіру арқылы педагогтің кәсіби жетістігі» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті. Мақсаты жас педагогтердің кәсіби өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тану деңгейін, кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады.
Семинарда қатысушылармен «Майлық ал», «Табақтағы алма» тренингі өткізілді. Әдіскер А. Г. Терешкина «Өзін - өзі тәрбиелеу мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру жолдарының бірі ретінде» тақырыбында, тәрбиеші З. Ж. Кузьгова «Өзін-өзі тәрбиелеу бойынша өзіндік жұмысты жетілдіру арқылы мұғалімнің кәсіби жетістігі» тақырыбында баяндама жасады. Тәрбиеші Н. А. Тисленко «Логикалық-математикалық ойындар арқылы логикалық ойлауды дамыту», педагог-психолог Е. Ф. Негруцак «Даму ойындары арқылы баланың интеллектуалдық дарындылығын дамыту», робототехника мұғалімі Ф. А. Жақсыбаев «Бағдарламаланатын мини-роботтар ересек топтағы мектеп жасына дейінгі балаларда алгоритмдік ойлауды дамыту құралы ретінде» атты тәжірибесімен бөлісті.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға «Өзін-өзі тәрбиелеу» синквейнін құрастыру ұсынылды.