Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің кескіндеме бойынша педагогы Наталья Владимировна Решетова мектепте 18 жыл жұмыс істейді. Соңғы 2 жыл қатарынан Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» АҚ филиалының «Менің Қазақстаным» облыстық байқауының жеңімпазы атанды. 2019 жылы «Дизайн және өнердегі жаңашылдық» атты II Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Сәндік-қолданбалы өнердегі жаңа технологиялар. Жұқа киізбен жұмыс» тақырыбында сөз сөйледі.
2022 жылдың желтоқсан айында облыстық «Ирбис» телеарнасының «Мен және шындық» бағдарламасына шақырылды. Сұхбатта оның өз оқушыларымен өзі туралы айтатыны бар еді. Наталья Владимировнаны балаларға оның бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілігі әкелді. Онда ол өзінің шығармашылығы туралы баяндады.Оның туындылары жанрлардың алуан түрлілігімен сипатталады - Қазақстан халқының салт-дәстүрлері, табиғатытуралы суреттер. Шығармашылығының әртүрлі кезеңдерінде оның жұмыстары жеке көрмелерде бірнеше рет көрсетілді. 2020 жылы ол мерейтойлық көрмесін, 2021 жылы мектебіміздің педагогы Лариса Кузнецовамен бірге «Акварель музалары» атты акварель жұмыстарының көрмесін ұсынды, 2022 жылдың күзінде облыстық өнер мұражайында басқа павлодарлық суретшілермен бірге «Шабыт қанаттарында» көрмесінде Түркістан туралы өзінің пленерлік жұмыстарын ұсынды.
- Шығармашылыққа шабыт керек тұжырымы - жалқауларға арнап жазылған, сондықтан да мен күнде сурет саламын және ол маған ауадай қажет, - дейді Наталья Владимировна.- Мен кенепте маймен және акрилмен сурет саламын. Мен сондай-ақ акварельмен сурет салғанды жақсы көремін. Менің оқушыларым да акварельмен сурет салғанды жақсы көреді. Бұл өте нәзік, жеңіл және айқын кескіндеме.
Оның оқушылары әртүрлі деңгейдегі байқаулар мен фестивальдерге сәтті қатысады. 2021 жылы Мәскеуде Юлианна Чапалова,12 жаста, «Шекарасыз балалық шақ» байқауында I орынға ие болды, Шымкент қаласында өткен «Ұлы дала аңыздары» байқауында ІІ орынды Аяжан Айтбаева, 12 жаста, иеленді. Уфа қаласындағы Кузнецов атындағы байқауда Илья Солоденко, 14 жаста, III дәрежелі лауреат атанды (2022 жыл).
Эфирдегі әңгіме барысында ол жапырақша алтынды пайдалана отырып, акрил бояуларымен кенепке «Анармен натюрморт» картинасын салды. Суретші-педагог шапшаң сурет салады және оқушыларына да осыны үйретеді. Балалармен жұмыс жасауда ол әр бала дарынды және мұғалім үшін ең бастысы - оның талантын ашуға және дамытуға көмектесу деп санайды.


