ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Тәуелсіздік күніне арналған жас суретшілер көрмесі
15-12-2022 14:52
Тәуелсіздік күніне арналған жас суретшілер көрмесі

Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінде 2022 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Гүлдене бер, менің Республикам, гүлдене бер, менің Қазақстаным!» атты көрме ашылды. 

Көрмеге мектеп оқушыларының 50-ге жуық жұмысы, оның ішінде киіз басу техникасында 11 жұмыс, Туған жер, өз Отаны туралы графика техникасында 39 жұмыс ұсынылды. Киіз басу техникасында киізбен орындалған Баянауыл, Ертіс өңірі, Алатау пейзаждарын 13 жастағы Смогулова Томиристің «Баянауыл» жұмысынан, 14 жастағы Шапиева Салтанаттың «Тауларда», 13 жастағы Рудько Ксенияның «Ертіс жағасында» жұмысынанкөруге болады. Ауыл пейзаждары 14 жастағы Евдокимова Екатеринаның «Ауыл таңы», 14 жастағы Сәрсенбаева Нұрия «Тауларда», 14 жастағы Сутула Маргаританың «Алтын күз» суреттерінен көруге болады. Мұғалімдері Смыков Дамир Серікұлы, Рейн Светлана Евгеньевна.

Көрмеге ұсынылған графикалық суреттерді педагог Решетова Наталья Владимировнаның оқушылары орындады. Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар 12 жастағы Вакорина Аннаның «Батырдың дүниеге келуі», 13 жастағы  Главацкая Ульянаның «Наурыз», 13 жастағы Барнай Владимирдің «Бүркітші», 14 жастағы Каирова Азизаның «Қалыңдықтың киімі» суреттерінде бейнеленген. Музыкалық аспаптар туралы 10 жастағы Қасымова Анельдің «Дала музыкасы», 10 жастағы Казарина Софияның «Домбыраның дыбыстары», 10 жастағы Калюга Алинаның «Қамажай» суреттерінде баяндалған. 13 жастағы Абетова Дарияның «Туған жер әуені», 14 жастағы Бекпосынова Атинаның «Халық жаны - дала әуенінде» атты  шығармалары қазақ халқының ашық жаны, олардың музыкаға деген сүйіспеншілігі, әншілігі мен музыкалығын жақсы көрсетеді.

Көрменің ашылуына павлодарлық суретші Шуранов Осербай Аманжолұлы, мектеп педагогтері Кисамиденова Алтын Ибраевна, Ловина Ольга Ивановна, Қазақстан суретшілер одағының мүшелері қатысты. Мектеп оқушылары Қазақстан туралы концерттік нөмірлермен өнер көрсетті.