Тайландта өткен муайтайдан әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасы үшін Ертіс өңірінің 11 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласы Б. Момышұлы атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Амантай Рахат өнер көрсетті.
Чемпионатқа дайындықты аға жаттықтырушы, муайтайдан спорт шебері Марат Смағұлов, аға жаттықтырушы, муайтайдан спорт шебері Дамир Фатхутдинов өткізді.
Күміс медальдерді 4 павлодарлық жеңіп алды, оның ішінде Амантай Рахат, муайтайдан спорт шебері, 8 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль иегері. Ол 11 жасынан бастап «Бірлік» спорт клубында муайтай спортымен айналысады, Азамат Әбішев жаттықтырушы болып табылады.
Рахат түрлі деңгейдегі медальдердің иегері. Облыстық чемпионаттың жеңімпазы, Қазақстан чемпионатының жүлдегері (2019 жыл), Қазақстан чемпионатының жеңімпазы (2022 жыл), ашық қалалық чемпионаттың (2021 жыл), әлем чемпионатының (2022 жыл) жүлдегері.