ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Тамыз диалогтік алаңдарын өткізу туралы
21-08-2023 17:11

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 22-23 тамыз күндері білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтарының «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тамыз диалогтік алаңдарын өткізеді.

Семинарда жаңа 2023-2024 оқу жылының ерекшеліктері және «Оқуға құштар мектеп», «Заманауи мектеп - заманауи сабақ» әдістемелік кабинетінің жобаларын жүзеге асырылуы қарастырылады.

36 фокус топта 200-ден астам педагог, білім беру ұйымының басшылары және олардың орынбасарлары заманауи сабақты ұйымдастыру, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдістері мен тәсілдерін қолдану, басқару менеджменті бойынша өз тәжірибелерімен бөліседі.

Жұмыс қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.