ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру
17-11-2023 17:39

Павлодар қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында                                        2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру

 

«Павлодар қаласының білім беру бөлімі»ММ (бұдан әрі – білім беру бөлімі) Павлодар қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды.

Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды:

1)    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 381 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті;

Өтініште «мектепке дейінгі ұйымның атауы» жолында заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы куәліктің БСН және бірегей нөмірін көрсету қажет;

2)    мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпарат;

3)    санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге (сыйымдылығы үш топқа дейін) медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымымен жасалған шартты;

4)    педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білімі туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмесін;

5)     ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесін (бар болса) ұсынады.

        Басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды қабылдауды білім беру бөлімі жүзеге асырады: Павлодар қ., Кривенко к-сі, 25, 10 үстелде 2023 жылғы 20-22 қараша аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).

Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды 2023 жылғы 11 желтоқсанға дейінгі мерзімде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) қарайды.

 

 

 

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі